Өзара көмек жəне ынтымақтастық жайында Ей, иман келтіргендер! Алланың белгілеріне (хаж ғамалдарына),
құрметті айға, құрбандықтарға, мойындарына тағылған белгілерге
жəне Раббыларының ризалығын, ілтипатын іздеп, ардақты
үйге (Қағбаға) келуші хажыларға құрметсіздік етпеңдер. Жəне
қашан ыхрамнан шықсаңдар аң аулай аласыңдар. Жəне сендерді
Месжід Харамнан (əл-Харам мешітінен) тосқан елдің кегі шектен
шығуларыңа сылтау болмасын. (Сендерді Қағбадан тыйған болса
да, кек сақтамаңдар). Жақсылыққа, тақуалыққа жəрдемдесіңдер.
Күнəға жəне дұшпандыққа жəрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар!
Күдіксіз, Алланың азабы қатты.
(Мəида сүресі, 2) Мүмін ерлер мен мүмін əйелдер бір-біріне көмекші. Олар
дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосады. Сондай-ақ олар намаз-
дарын толық орындап, зекет беріп, Аллаға, елшісіне бой ұсынады.
Соларды Алла, мəрхаметіне бөлейді. Расында, Алла тым үстем, аса
дана.
(Тəубе сүресі, 71)
327
«Ей, ұлым! Намазды толық орында. Дұрыстыққа бұйырып,
бұрыс тықтан тый. Басыңа келген ауыршылыққа сабыр ет. Рас, бұлар
маңызды істерден».
(Лұқман сүресі, 17) Адамдарға көркем сөз сөйлеңдер...
(Бақара сүресі, 83)