Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Исламның қоғамдағы мақсаты



Pdf көрінісі
бет339/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   359
Исламның қоғамдағы мақсаты
Əрине, сендерді қауіп-қатер, ашаршылық жəне малдардан, жан-
дардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед 
ғ.с. сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр! Қашан оларға 
бір  қайғы  жетсе,  олар: «Шын  мəнінде,  біз  Аллаға  тəнбіз  əрі  Оған 
қайтушымыз», – деді.  Міне,  соларға  Раббылары  жақтан  жарылқау 
жəне мəрхамет бар. Əрі  олар  тура  жолдағылар. 
(Бақара сүресі, 155-156) 
Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да, бөлінбеңдер. 
Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, 
бір- біріңе дұшпан едіңдер жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның 
игілігімен  туысқа  айналдыңдар.  Оттан  бір  шұңқырдың  ернеуінде 
едіңдер,  сендерді  одан  құтқарды.  Осылайша,  Алла  сендерге  аятта-
рын тура жолға түсулерің үшін баян етеді. 
(Əли Имран сүресі, 103)
 Заманға серт. Негізінен, адам баласы зиянда. Бірақ, сондай иман 
келтіріп, ізгі іс істегендер бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды 
үгіттескендер, олар зиянға ұшырамайды. 
(Ғасыр сүресі)
Осылайша,  сендерді  (артық,  кемсіз)  орташа  бір  үмбет  қылдық. 
Адамдарға  куə  болуларың  сондай-ақ  пайғамбардың  сендерге  куə 
болуы  үшін.  Қарап  тұрған  қыблаңды  теріс  бағынатын  біреулерден 
пайғамбарға ілесетін кісілерді білуге істеген едік. Əрине, бұл Алла 
тура  жолға    салғандардан  басқаға  қиынырақ.  Алла  имандарыңды 
жоймайды.  Күдіксіз,  Алла  адам  баласына  өте  жұмсақ  ерекше 
мейірімді. 
(Бақара сүресі, 143)
Сендер адам баласы үшін игілікті əмір етіп, қарсылықтан тыятын 
сондай-ақ Аллаға сенетін қайырлы бір үмбет болып шығарылдыңдар. 
Ал  егер  кітап  иелері  иман  келтірсе  еді,  əлбетте,  олар  үшін  жақсы 
болар  еді.  Олардан  иман  келтіргендер  де  бар.  Олардың  көбірегі 
бұзақылар.
(Əли Имран сүресі, 110)


348
(Мұхаммед ғ.с.) Алла Нұхқа (ғ.с.) нұсқау берген нəрселерді жəне 
саған  уахи  еткенімізді,  сондай-ақ  Ыбырайым,  Мұса  жəне  Ғисаға 
(ғ.с.) нұсқау берген нəрселерімізді сендерге діни жол қылды. Дінді 
мықты орындаңдар да, дінде бөлінбеңдер. Сенің шақырган нəрсең 
мүшріктерге  ауыр  келді.  Алла  оған  (сен  шақырған  дінге)  кімді 
қаласа, соны сайлайды. Кім Оған бейімдесе, оны тура жолға салады. 
(Шура сүресі, 13)
(Мұхаммед  ғ.с.)  міне,  сол  үшін  хақиқатқа  шақыр  да, 
бұйырылғаныңдай  мықты  тұр.  Олардың  ойларына  ілеспе  жəне 
оларға: «Алла  түсірген  Кітапқа  иман  келтірдім.  Сондай-ақ 
араларыңда əділдік қылуға бұйырылдым. Алла біздің де Раббымыз, 
сендердің де Раббыларың. Біздің ісіміз бізге, сендердің істерің сен-
дерге тəн. Сендер мен біздің арамызда тартыс жоқ. Алла арамызды 
қосады. Жəне қайтар орын сол жақ» де.
(Шура сүресі, 15)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет