Адам жəне оның ғаламдағы орны Ей, Дəуіт! Сені жер жүзінде меңгеруші қылдық. Сондықтан
адамдардың арасына хақиқатпен үкім ет, ойға ерме. Онда сені
Алланың жолынан адастырады. Шəксіз, Алланың жолынан
адасқандар, есеп күнін ұмытулары себепті оларға қатты азап бар.
(Сад сүресі, 26) (Мұғаммед ғ.с.) солуақытта Раббың періштелерге: «Əрине, мен
жерде бір орынбасар жаратамын!» – деген еді. (Періштелер): «Онда
бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен, біз Сені
дəріптеп, мақтау мен пəктаудамыз», – деді. Алла: «Мен сендердің
білмегендеріңді жақсы білемін!», – деді. (Алла Адамды топырақтан
жаратып оған жан салды).
(Бақара сүресі, 30) Алла сендерден иман келтіріп, ізгі іс істегендерге өздерінен
бұрынғы өткендердей жер жүзіне мұрагер қылуды уəде етті. Сондай-
ақ олар үшін Өзі разы болған дінін нығайтып, қауіп-қатерден кейін
бейбітшілікке айналдырады. Олар Маған құлшылық қылады. Маған
еш нəрсені ортақ қоспайды. Кім бұдан кейін қарсы келсе, міне, со-
лар – бұзақылар.
(Нұр сүресі, 55)