49
аса ардақты. Сондай қаламмен (яғни, оқу-жазумен) үйреткен. Ол
адамзатқа білмеген нəрселерін үйреткен.
(Ғалақ, 1-5)
Мұхаммедтің дінге алғашқы шақыруы
(Мұхаммед ғ.с. алғаш Жəбірейілді көргенде қобалжып: «Жабың-
дар, мені жабыңдар» деп жамылып жатады). Ей, жамылушы! Тұр
енді! Адамдарға ескерт! Раббыңды ұлықта! Киіміңді тазала! Əртүрлі
лас істерден аулақ бол! (Істеген ісіңді) көп міндет қылма. Раббың
үшін сабыр ет.
(Муддассир, 1-7)
Жалпы шақыру
(Яһудилер Месжід Ақсаны, христиандар оның шығыс жағын
қыбла тұтып, əрқайсысы өз қыбласын жақсы деп ойлайды). Жүз-
деріңді шығысқа, батысқа жөнелту бір игілік емес. Бірақ, кім
Аллаға, Ақырет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға
иман келтірсе жəне жақындарына, жетімдерге, міскіндерге, жолда
қалғандарға, қайыршыларға жəне құл азат етуге жақсы көре оты-
рып, мал сарып қылса əрі намазды толық орындап, зекет берсе, өзара
байласқан уəдесін орындаушы, таршылықта, қиыншылықта жəне
соғыс кезінде сабыр етуші болса, міне, солар шыншылдар əрі солар
тақуалар.
(Бақара, 177)
Достарыңызбен бөлісу: