51
Құранды адамдарға тоқырап (тоқтап) оқуың үшін бөлімдерге айы-
рып, аз-аздап түсірдік. (Мұхаммед ғ.с.): «Құранға мейлі сеніңдер,
мейлі сенбеңдер, бұдан бұрын өздеріне ғылым берілгендер, оларға
Құран оқылған сəтте етпеттерінен сəждеге жығылады» де. Олар:
«Раббымызды пəктейміз. Əрине, Раббымыздың уəдесі орында-
лады»,– дейді. Олар жылап, етпеттерінен түседі. Бұл олардың
ықыласын арттырады. (Бұлар Кітап иелерінен мұсылман болғандар).
(Исра, 105-109)
(Мұхаммед ғ.с. Құран уахи етілген сəтте тездетіп оқуға тырыс-
қан). (Ей, Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа.
Шын мəнінде, оны жинау, оқу Бізге міндет. Ал оны Біз оқығанда,
оның оқылуына ілес. Сонан соң оны түсіндіру Бізге міндет.
(Қиямет,16-19)
Достарыңызбен бөлісу: