263
на қаныққан сортаң топырақ қара шіріндісі аз, құрғақ жəне шөлейтті
топыраққа тəн. Топырақ құрылымы оның құнарлылығының бір
шарты болғандықтан, игерілген жерлерде оны қолдан жасау шара-
лары да қарастырылады. Мəселен, академик Р. В. Вильямс топырақ
құрылымын жақсарту үшін егіншіліктің шөптанапты жүйесін
енгізді. Бұл əдіс еліміздің көптеген жерлерінде қолдау тапты. Оның
мəні: егісті жерлерге шөптанапты емес бір дақылды жылма-жыл
егіп, оны өңдеген кездерде, топырақтың құрылымы бұзылып, егістік
өнімі кемиді. Мұны болдырмас үшін негізгі дақылды міндетті түрде
шөптанапты егістіктермен ауыстырып, кезектестіріп егу қажеттігін
(мəселен, шөптанапты егістіктер үшін, бұршақ тұқымды дақылдар
мен дəнді шөптерді араластырып егуді) ұсынды. Сонда топырақтың
əрі құрылымы жақсарып, əрі оның құрамына азот көп жиналады.
Топырақ құнарына жəне ондағы болатын процестерге топырақтың
құрылымы мен оның физикалық қасиеттерінің əсері көп. Топырақтың
үйлесімді су – ауа режимі да, оның көп физикалық қасиеттеріне
тікелей байланысты. Топырақта қоректік заттар жеткілікті
болғанымен, онда ауа немесе су тапшы болса, өсімдіктердің нашар
өсетіні, ал кейде тіршілігі тіптен тежелетіні мəлім. Топырақта ауаның
жəне судың үйлесімді мөлшерде болуы оның кеуектілік дəрежесімен
анықталады. Ал кеуектілік топырақтың түріне карай əртүрлі болады.
Адамдар топырақты кеуектілігін жасау үшін оны қолдан өңдейді.
Топырақтың қопсыған, жыртылған қабатындағы топырақта, оның
жартысына дейігі кеуектер болады да, қалғаны топырақтың қатты
бөлігінің үлесіне тиеді. Шымтезекті топырақтарда кеуектілік одан
артық, ал құм топырақтарда 30-40%-дай болады. Өсімдіктер тамыр-
лары кеуекті топырақтарда жақсы өсіп, оңай таралады.
Топырақтың су өткізгіштігі де оның кеуектілігіне тікелей бай-
ланысты. Құрылымы (структурасы) жақсы топырақтарға су оңай
сіңіп, өсімдік тамырларына тез жетеді. Мұндай топырақтарда су-
мен қатар жеткілікті мөлшерде ауа да сақталады. Сондықтан да бұл
топырақтарда судың булануы төмендейді де, топырақ сіңірген ылғал
ысырап болмай біраз уақытқа шейін дұрыс сақталады.
Топырақтың суды өз денесіне сіңіріп, ұстап қалу қасиетін
оның су сыйымдылығы деп атайды. Əртүрлі топырақтың
су
Достарыңызбен бөлісу: