Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет118/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

(М. А. Глазовская бойынша, 1981).
Жерасты суларының 
тұздану деңгейі
Судағы тұздар мөлшері, л/г
Тұщы сулар
<1
Аз тұзданған сулар
1-3
Орта тұзданған сулар
3-10
Мол тұзданған сулар
10-50
Аса мол тұзданған сулар
>50
Жерасты суы топырақ бетіне неғұрлым жақын əрі оның 
тұздану деңгейі жоғары болса, ауа райы жылы немесе ыстық 
аймақтарда топырақтардың тұздану процесі соғұрлым 
жылдамырақ болады.
2) Қалдықты сорланған топырақтар, топырақ түзуші тау 
жыныстарының мол тұздануынан қалыптасады.
3) Ойпатты жерлерде кездесетін кейбір көл суларының ыстық 
ауа-райы жағдайында түгелдей буланып кетуінен, бұрынғы көлдер 
түбінде нағыз сор жиналып, онда ештеңе де өспейді.
4) Сорланған топырақтардың пайда болуының тағы бір жолы 
– адамның өндірістік əрекеттерімен байланысты. Оның мəнісі 
төмендегідей. Қуаңшылық аймақтарда көп жерлерді суармалы 
егіншілікке пайдаланатынымыз белгілі. Осы алқаптарда жерас-
ты ағысын реттеп дұрыс жолға қоймаған жағдайларда топырақ 
астындағы ыза сулар суару кезінде жер бетіне тез көтеріліп, 
жақындап, топырақты сорландырады. Топырақтың сорлануының 
осы жолын екінші сорлану немесе адам əрекетінен сорлану деп 
атайды.
Сор топырақтардың беткі қабатындағы тұздар мөлшері 0,6-
2% жəне одан да көбірек кездеседі. Бұл тұздардың мөлшеріне, 
құрамына жəне топырақтың қай қабаттарында шоғырлануына 
байланысты əртүрлі жүйеленетіні 19-кестеде келтірілген. Ал 
топырақтағы тұздардың құрамы мен мөлшеріне қарай олардың 


295
ауылшаруашылық дақылдарына əсері 20-кестеде келтірілген. Бұл 
мəліметтерден көрінгендей, құрамына байланысты ең зияндыла-
ры содалы, хлорлы, сульфатты тұздар екен. Бұдан топырақтың 
сорлануымен күресу жолдары ондағы тұздардың құрамына да 
тікелей байланысты екені байқалады. Жалпы топырақты мелио-
рациялау мəселелерімен арнайы ғылым – топырақты мелиорация-
лау шұғылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет