Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет115/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162
12.2. Топырақтың көлденең зоналдығы
Ұлы орыс даласының ауқымдылығына байланысты топырақтың 
кең немесе көлденең зоналық ілім пайда болды. Шынында да КСРО 
ның еуропалық бөлігінде, сондай-ақ Батыс Сібірде қозғалысқа 
байланысты Солтүстік Мұзды мұхиттың жағалауынан оңтүстікке 
қарай нақты ретті табиғи, яғни топырақ зоналарының географиялық 
белдеуінің ауысуы байқалады. Солай, арктикалық белдеуге 
арктикалық шөлді жəне кəдімгі гумустық қабат сəйкес; тундралық 
зонаның шегінде субарктикада олардың кең зоналары (арктикалық, 
кəдімгі, оңтүстік тундра жəне орман тундрасы) əртүрлі тундралы 
глейлі топырақтардың жəне жертезекті қосындыларынан бөлінеді. 
Оңтүстікке қарай бореалды пояста, тайга зонасы топырақтың 
басымдылығымен аралас орман зонасы ауыстырады. Онда əрі 


289
кең суббореалды белдеу жатыр, онда жүйелі түрде солтүстіктен 
оңтүстікке қарай зоналар бір-бірін алмастырады: жалпақжапырақты 
ормандар қоңыр жəне сұр орманды топырақпен; жазықтар типті
кəдімгі, оңтүстік қара топырағымен; құрғақ жазықтар сыналауы 
жəне түсіп қалуы жартылай шөлді қоңыр жəне тұзды топырақтармен; 
шөлейт сұр қоңырмен, жартылай бекітілген жəне массивті бұзылған 
құммен тақырлы топырақпен, тақырмен алмасады. Əрі қарай суб-
тропик шегінде топырақ зонасының жүйелі қатарын анықтауға бо-
лады, бірақ олар ауқымды болмайды, көбінесе, арал түрінде болады.
Əр табиғи зона бір топырақ типімен сипатталмайтындықтан, 
яғни белгілі жиынтықпен, кейде өте көп бір-бірімен қосылған, бірақ 
түрлі топырақ типтерімен генетикалық байланыссыз болғандықтан, 
топырақ жамылғысының зональды жүйесі жайлы ұғым енгізілді 
(Фридланд В. М., 1972) бұл топырақ типтерінің əр зонаға 
спецификалық сəйкестілігін білдіреді.
А. Ю. Ливеровский айтуы бойынша (1965), топырақ зонасы ол – 
белгілі типтің топырақ үйлесімділігі, құрамына бір немесе бірнеше 
жазықтық топырақ типтерімен қоса олармен қосылған интразоналық 
жағдайда дамитын топырақ типтері кіретін ареал.
Солтүстік жəне оңтүстік жартышарларына, экваторлық
тропикалық жəне субтропикалық белдеулерде алмасу жəне көлденең 
топырақты зоналардың жүйелігінде белгілі ассиметрия байқалады. 
Мысалы, оңтүстік жарты шардың бореалды зонасы, оның шека-
расында мұхитты аралдар орналасқан: Фолклендті (Мальвинді), 
Оңтүстік Сандвичтері, Оңтүстік Георгия жəне т.б. ормансыз, ал тун-
дра зоналары мүлдем толықтай жоқтың қасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет