Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақтарды механикалық құрамына байланысты топқа бөлу



Pdf көрінісі
бет40/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақтарды механикалық құрамына байланысты топқа бөлу 
(Н. Л. Качинский, 1965)
Түйірі 0.01 мм-ден ұсақ 
бөлшектер (балшық) пайыз
есебімен
Топырақтың механикалық 
құрамына 
сəйкес аты
80-нен көп
ауыр балшық
80-60
орташа жəне жеңіл балшық
60-45
ауыр саздақ
45-30
орташа саздақ
30-20
жеңіл саздақ
20-10
құмдақ
10-5
байланысты құм
5-тен төмен
борпылдақ құм
Топырақтың механикалық құрамының топырақ түзуде, 
топырақты ауыл шаруашылығы жəне басқа мақсаттарға пайдалану-
да маңызы зор.
Топырақтың механикалық құрамы мен оның кеуектілігі, су 
сыйымдылығы, ылғал өткізгіштігі, ылғалды жоғары көтеру қасиеті, 
коректі заттарды жинау мүмкіншілігі, ауа-жылылық режимдері 
сияқты қасиеттері тығыз байланысты.
Құмды жəне құмдақ топырақтардың құрылымы (структурасы) 
нашар келеді əрі əртүрлі ірілікті бөлшектерден тұрады. Ылғалды 
жақсы өткізеді, қолайлы ауа-жылу режимдері болады. Мұндай 
топырақты өңдеу де өте оңайға түседі. Бірақ бұл топырақтар 
қоректік заттарға жəне карашірікке кемшіл болады, себебі олар 
ылғалмен жуылып-шайылып кетеді де, онда өсімдіктер сирек 
өсіп, жөнді қалдықтар қалдырмайды. Ал балшықты топырақтар, 
керісінше, ылғалды аз өткізеді, су сыйымдылығы мол, ылғал 
бергіштігі, ауа режимі нашар болады. Бұл топырақтарды жырту 
да оңайға түспейді. Дегенмен, бұл топырақтар қоректік заттарға 
бай, құнарлы келеді.
Ауыл шаруашылығына пайдалануға ең қолайлы топырақтар – 
құрамында құмды түйіршіктер мен балшықты түйіршіктер кабатта-


90
сып келетін құм-балшықты топырақтар. Бұл топырақтарда құмды 
бөлшектер мен балшықты бөлшектердің пайдалы қасиеттері үйлесе 
келіп, топырақтың ылғал-ауа режимдерін жақсы ұстап, топырақ 
құнарлылығын арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет