Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Топырақтың механикалық құрамының биологиялық



Pdf көрінісі
бет42/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

3.3. Топырақтың механикалық құрамының биологиялық, 
физикалық, химиялық қасиеттеріне əсері
Топырақ жамылғысы өзінің физикалық-механикалық қасиетіне 
байланысты, ауадағы зиянды заттектерді өзіне сіңіріп, өзінің 
құрамында екіншілік ластану көздерін қалыптастыруға бейім 
геологиялық ортаның, ұзақ мерзімдік зиянды заттектерді тасымал-
дайтын орта болып табылады. Ластанған топырақтың табиғи орта-
да қалпына келуі жүздеген жылдарға созылады, ал жасанды жол-
мен қалпына келтіру – күрделі жұмыстарды жүргізуді қажет етеді. 
Топырақтың мұнай өнімдері жəне бұрғылау ерітінділерімен ласта-
нуы локальды дəрежеде байқалады. Бірақ жоғары дəрежеде ластан-
са, топырақ құнарсыз, асфальт тəрізді массаға айналуына байла-
нысты өте қауіпті. Ең күрделі экологиялық проблемалардың біріне 
литосфераның мұнай өнімдері жəне ауыр металдармен ластануы 
жатады.


94
Мұнаймен ластану кезінде топырақтың құнарлығын жəне 
экологиялық қызметін анықтайтын, оның барлық морфологиялық, 
физикалық, физикалық-химиялық, биологиялық қасиетіне ықпалын 
тигізеді. Мұнаймен ластану кезіндегі топырақ қасиетінің өзгеруі, 
сондай-ақ оның миграциялану процестері аккумуляциялануы 
метоболизмі төгілген мөлшеріне, физикалық-химиялық құрамына, 
топырақтың климаттық жəне ландшафтық жағдайына, биохимиялық 
кедергілерге, топырақ профиліндегі миграция каналдарына байла-
нысты болады.
Мұнайдың топырақ қабатына сіңу тереңдігі мұнай құрамы 
мен топырақтың механикалық құрылымына байланысты жүреді. 
Топырақтың морфологиялық белгілерінің өзгеруі өзімен бірге, 
физикалық қасиеттерінің өзгеруіне əкеліп соқтырады. Топырақтың 
мұнаймен ластануы, мұнай өнімдері сіңген горизонттарда 
органикалық заттектердің жалпы құрамын күрт арттырады. Лас-
тану кезіндегі топырақтың физикалық қасиеттерінің өзгеріске 
ұшырауының нəтижесінде, мұнай топырақтағы ауаны ығыстырып, 
судың, қоректік заттектердің түсуі бұзылады. Бұл – өсімдіктердің 
өсуін баяулатып, олардың жойылуының бірден-бір себебі бо-
лып саналады. Мұнаймен қаныққан топырақтың ылғалды 
сіңіру жəне ұстап тұру қабілеттері бəсеңдеп, ластанбаған 
топырақпен салыстырғанда – ылғалдылықтың, су өткізгіштіктің, 
ылғал сыйымдылығының төменгі мəндері байқалады. Топырақ 
қышқылдылығының өзгеруі, бəрінен бұрын мұнайдың сапасы 
мен оның құрамындағы минералдылығы жоғары қабат сулары-
на байланысты морфологиялық ерекшеліктері келесі қабаттармен 
сипатталады. Гумусты горизонттың қалыңдығы 35 см аспайды, 
олардың құрылымдары берік емес, түйіршікті келеді. Горизонттар-
да нығыздалу байқалады, бұл тұздылық мөлшерінің аз екендігін 
көрсетеді. Механикалық құрамы бойынша топырақ – сазды, тез еритін 
тұздар 80–100 см тереңдікте кездеседі, сіңіру сыйымдылығы 15–25 
мг.экв/100 г. топырақты құрайды. Шабындық жерлердің топырағы 
– гумусты горизонттардың қуаттылығымен сипатталады. Жоғары 
горизонтта 1,5-3,5% гумусты құрайды. Гуматты фульваттардың 
құрамы 4,2%, азот – 0,07- 0,0061 %, фосфор – 1,3-0,9%, қозғалмалы 
элементтер: топырақта азот – 1,4-0,8, фосфор – 3,0-4,7 жəне калий 
29-52 мг/100 г. топырақ ерітіндісінің рН 7,5-8,5. Зерттеу нəтижелері 
ластанған топырақ буферлігінің төмен екенін көрсетті.


95
Сіңірілген негіздердің құрамында кальций мен магнийдің 
мөлшері басым. Жауын-шашынның аз түсуіне байланысты, құрылым 
түзуі – əлсіз жəне осы топырақ горизонттарының тығыздығының 
жоғары болуына байланысты топырақ аз ылғалданады. Жауын-ша-
шын көп жауатын кезде ылғалдану тереңдігі 50 см-ден аспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет