Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


4.3. Екіншілік минералдар жəне олардың маңызы



Pdf көрінісі
бет46/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

106
4.3. Екіншілік минералдар жəне олардың маңызы
Екіншілік қатардағы минералдар топырақта көбінесе, лайлы жəне 
коллоидты бөлшектер түрінде болады, ал шаң тəрізді бөлшектер 
күйінде сирек кездеседі.
Химиялық құрамы бойынша минералдар: кремний-оттекті 
қосылыстар немесе силикаттар жəне алюмокремний-оттекті 
қосылыстар немесе алюмосиликаттар болып екі топқа бөлінеді.
Кремний-оттекті қосылыстар ішінде топырақта кварц SiО
2
кеңінен 
таралған, ол көбіне, құм жəне шаң бөлшектері түрінде келеді. Барлық 
топырақтарда кварц мөлшері 60 %-дан асса, құмдақ топырақтарда 
90 %-ға жетеді, ал кейде одан да көп болады. Кварц өте тұрақты жəне 
мықты минерал, оның химиялық реакцияға икемі көп емес.
Алюмокремний – оттекті қосылыстар əртүрлі алғашқы жəне 
екінші қатардағы минералдардан тұрады.
Екіншілік қатардағы минералдар химиялық қасиеттері бойынша 
үш топқа бөлінеді:
1. Монтмориллониттер (монтмориллонит, бейделлит, т.б.). Олар 
аса жоғары майдалы (дисперсті) бөлшектер. Бұл минералдардың 
дисперстілігі, ісінуі, жабысқақтығы, тұтқырлығы жоғары.
2. Каолиниттер (каолинит, галлуазит). Бұл топқа жататын мине-
ралдардың дисперстілігі, ісінуі мен жабысқақтығы азырақ болады.
3. Гидрослюдалар (гидромусковит, гидробиотит, вермику-
лит). Олар далалық шпаттары мен слюдалардан пайда болады. 
Гидрослюдалардың химиялық құрамы тұрақты емес.
4.4. Алғашқы жəне екіншілік минералдардың топырақ 
түзілуіндегі жəне топырақ құнарлығын 
қалыптастырудағы маңызы
Үгітілу кұбылыстары жəне екінші минералдардың түзілуі. Со-
нымен жоғарғы сипатталған алғашкы минералдардың көп жыл-
дар бойы əрі қарай үгілулерінің нəтижесінде майда ұнтақталған, 
яғни екінші минералдар пайда болады. Алғашқы минералдарды 
үгуші агенттері – су, оттегі, көмір қышқылы, əртүрлі органикалық 
қосылыстар. Олардын минералдарға əсерлері негізінен төменгі 
құбылыстар арқылы жүзеге асады.


107
Гидротациялану (сулану) – сусыз минералға су молекуласының 
қосылуы. Бұл құбылыс тотықты алғашқы минералдардың сумен 
қосылып, үгітілудің нəтижесінде екінші минералдарға айналады. 
Мысалы:
гетит – Fе,0
3

2
0=2Fе0(0Н);
гидрогетит – 2FеО(ОН)+Н
2
0=Fе
2
0(ОН)
2;
лимонит – Fе
2
(ОН)
2
+п-Н
2
0=2Fе(ОН)
3
п-Н
2
0.
Тотығу. Үгітілу кезінде алғашқы минералдар ішіндегі тотықпаға 
минералдар тотығады. Ондай минерал жоғарыда сипатталған темір 
сульфиді.
2FеS
2
+70
2
+2Н
2
О=2Fе50
4

3
S0
4
одан 
əрі 
FеS0
4
+0
2

2

=Fе(ОН=Н
2
S0
4
, одан əрі Н
2
S0
4
+СаАІ
2

2
0
8
+4Н
г
О=Н
2
АІ
2
Sі0
8

2

+СаS0,-2Н
2
0, яғни бөлінген күкірт қышқылы алғашқы минералмен 
реакцияға түсіп, ондағы негіздің орнына сутегі ионы барып, екінші 
минерал каолин балшығын түзеді. Күкірт қышқылы басқа силикат-
тармен реакцияларға араласқанда тағы да басқа екінші əрі күкірт 
қышқылы тұздары түзіледі. Ол жағдайлар одан əры реакцияға жол 
ашады.
Ыдырау немесе гидролиз. Силикаттардың ыдырауы ондағы негізгі 
иондардың сутегі ионымен алмасуы арқылы жүзеге асады. Сутегі 
ионының көзі есебінде суда еріген көмірқышқылы мен органикалық 
қышқылдардың иондары атқарады.
Ыдырау құбылыстары жəне ыдыраған заттардан екінші 
минералдардың синтезделуі көптеген балшықты минералдардың 
түзілуіне əкеледі.
Екіншілік минералдардың тұрақтылығы. М. Джексон (Гла-
зовская М. А.. 1981) екінші минералдардың үгітілуге жəне еруге 
шыдамдылығы жөнінен төмендегідей бөлген. Саны өскен сайын 
шыдамдылығы артады.
1. Гипс, галит, мирабилит, т.б. тұздар,
2. кальцит, арагонит, доломит,
3. хлорит, нонтронит,
4. иллит, мускавит, серицит,
5. вермикулит,
6. монтмориллонит, бейделлит,
7. екінші диоктаэрикалық хлорйт,
8. аллофаны, каолинит, галлуазит,
9. бемит, гиббсит,
10. гематит, гетит, лимонит.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет