Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Экологиялық факторлардың топырақтардың химиялық



Pdf көрінісі
бет68/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

5.9. Экологиялық факторлардың топырақтардың химиялық 
құрамына əсері
Топырақ түзілу құбылыстарының нəтижесінде жалпы тау 
жыныстарының құрамын сақтай отырып, көптеген элементтердің 
мөлшеріне өзгерістер енгізеді.
Топырақтың орташа химиялық құрамы, % (А.П.Виноградов, 
1962):
O - 49 К -1,36 Mn -0,085 Co -0.0008 Mo
Si – 33 Mg -0,60 P - 0,08 B -0,001
Al – 7,13 Ti – 0,46 N- 0,10 Mo -0,0003
Fe - 3,80 С -2,00 Cu -0,002 Na -83
Ca -1,37 S – 0,085 Zn -0,005
Топырақтағы химиялық элементтердің мөлшеріне қарай бірінші 
орында O мен Si, екінші Al мен Fe, үшінші Ca мен Mg, солардан 
кейін Na, K, т.б. элементтер орналасқан. Топырақтың химиялық 
құрамының өзін түзген тау жыныстарының химиялық құрамынан 
айырмашылығы бар. Мұнда органикалық элементтердің мөлшері 
көп: көміртегі 20 есе, азот 10 есе өседі. Сонымен қатар оттегі 
жəне сутегі мөлшерінің көп, ал алюминий, темір калий, кальций, 
магнийдің аз екені байқалады. Осы элементтер əртүрлі химиялық 
қосындылар түрінде топырақ құрамына еніп, топырақ типтерін 
анықтайды. өсімдіктер мен топырақ арасындағы қарым-қатынасты 
белгілеуде бұлардың биологиялық маңызы өте зор. Көміртегі, сутегі, 
оттегі топырақтың органикалық заттарының құрамына кіреді, мине-
ралды түрде олардың карбонатты тұздары кездеседі.
Оттегі су гидроксидтер, алюмосиликаттар, бос қышқылдар жəне 
олардың тұздарының құрамында болады.
Топырақтағы тағы бір үлесі мол элементтерінің бірі – крем-


169
ний. Ол жер қабатындағы минералды қосындылар құрамына кіріп, 
органикалық заттар құрамындағы көміртегі сияқты маңызды рөл 
атқарады. Топырақта ең көп тараған кремний қосындыларының бірі 
– кварц минералы SiO
2
. Кремний жəне кремний қышқылдарының 
тұздары силикаттар мен алюмосиликаттар құрамына кіреді. 
Өсімдіктердің құрамында да кремний бар,мысалы, ол дəнді 
дақылдарда 10%-дан 60%-ға дейін жетеді.
Алюминий алюмосиликаттар балшықты минералдар құрамында 
кездеседі. Бұлардың биологиялық маңызы онша емес. Al
2
O
3
-тің 
топырақтағы жалпы мөлшері 1 – 2%-дан 15 – 20%-ға дейін, ал 
ферралитті топырақтарда 40 %-ға дейін жетеді.
Темір əртүрлі оксидті, гидрооксидті жəне шала күкіртті қо-
сындылардың құрамына кіреді. Бұл элемент биологиялық жағынан 
өсімдіктердегі хлорофильдің түзілуіне қатысады. Егер өсімдіктерге 
темір жетіспесе, олардың жапырақтары сарғайып хлороз деген 
ауруға шалдығады. Топырақтағы темір элементінің мөлшері əртүрлі. 
Мысалы, құмдақ топырақтарда 0,5 – 1,0%, лесс жыныстарында 
түзілген топырақтарында 3,5, ал ферралитті топырақтарда 20 – 50%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет