Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет69/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Кальций мен магний топырақта слюдалардың немесе басқа 
минералдардың құрамында кездеседі. Бұлар тұздар түрінде бөлініп, 
басқа минералдың қосындыларымен реакцияға түсіп, күкірт, фосфор 
қышқылдарының тұздарын құрайды. Бұл екі элементте өсімдіктерге 
өте қажет. Топырақта ол 1 – 3 % мөлшерінде болады.
Калий мен натрий дала шпаттарының ортоклаз, микроклин, 
альбит құрамында бұзылу нəтижесінде минералды қышқылдардың 
тұздарын құрайды. Бұл тұздар суда жақсы ериді. Калий – 
өсімдіктердің қоректік элемменттерінің бірі. Оның топырақтағы 
мөлшері 2 – 3%. Na
2
O мөлшері 1 – 3%. Натрийдің жылжымалы түрі 
топырақта жоғары болса, ол физикалық жəне химиялық жағынан 
қолайсыз қасиеттер туғызады.
Титан көбінесе алғашқыда үгілуге аз берілетін минералдың 
құрамына жатады (ильменит, рутид, сфен) TiO
2
мөлшері топырақта 
көп болмайды.
Марганецтің топырақтағы мөлшері өте аз. Пиролюзит, баунит, 
оливин сияқты микроэлементтер өсімдіктердің өсуі мен сапалы да-
муына өте қажет. Бұл тақырыпқа əріректе тоқталмақпыз.
Күкірт өсімдіктердің немесе жануарлардың қалдықтарынан 
түзілген органикалық заттардың құрамында болады. Пирит ми-


170
нерал түрінде кездеседі: Fe
2
S. Топырақта SiO

мөлшері пайыздың 
1/10 бөлігінен аспайды. Кейбір сульфатты тұздар топырақта көп 
болуы мүскін. Егерде күкірттің топырақта жылжымалы түрі мол 
болса, оның себебін осы төңіректе ластаушы өндіріс орындарынан 
іздестірген жөн.
Көміртегі, сутегі, азот, фосфор – органогендік элементтер. 
Олардың топыраққа тигізер пайдасы көп. Көміртегі гумустың 
органикалық қалдықтардың құрамында, сутегі газдардың, өсімдік 
пен жануарлардың денелеріндегі органикалық заттарында болады. 
Көміртегі органикалық заттарға бай топырақтарда 3 – 10%, сутегі 3 
– 6% мөлшерде. Азот өсімдіктің өсуінде, жануарлардың тіршілігінде 
зор рөл атқарады. Оның мөлшері топырақта көбіне органикалық 
қосындылар, амиак, азот жəне азотты қышқылдардың тұздары 
күйінде кездеседі (0,3-0,4, кейде 0,1%). Топыраққа азот екі жолмен 
келеді: 1) үлкен қысым əрі катализатор (найзағай) қатысуы арқылы 
аммиак NH
3
түзіліп, жауын-шашынмен түседі.
2) азот сіңіруші бактериялардың (бос немесе бұршақты өсімдіктер 
тамыр түйіндеріндегі) қатысуымен шоғырланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет