Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары



Pdf көрінісі
бет78/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Тарау бойынша тексеруге арналған тест сұрақтары
1. Қоршаған орта неден тұрады? 
A) табиғи жəне техногендік мегажүйеден
B) табиғи мегажүйеден
C) техногендік мегажүйеден
D) биосферадан
E) гидросферадан, атмосферадан
2. Жер қыртысының массасының 80%-ы қандай химиялық үш 
элементтен тұрады?
A) O,Fe,Ca
B) Si,Na,Ca


184
C) Al,Fe,Na
D) O,Si,Al
E) Ca,Fe,Mg
3. Жердің геосфералары:
A) литосфера, гидросфера
B) литосфера, атмосфера
C) биосфера, атмосфера
D) литосфера, гидросфера, биосфера, атмосфера
E) литосфера, биосфера
4. Бастапқы минералдан кейін желдетуден пайда болған минерал:
A) кварц
B) ортоклаз
C) апатит
D) каолинит
E) пирит
5. Терең жататын тау жыныстарының үлкен сілемі:
A) лакколит
B) өзектер
C) батолит
D) жамылғылар
E) базальттік қабат 
6. Мономинералды тау жыныстарына жататындар:
A) химиялық формуласы жоқ жыныстар
B) минерал қатарынан құралатын жыныстар
C) біратты минералдардан тұратын жыныстар
D) магмалық жыныстар
E) метаморфтық жыныстар
7. Полиминеральдық жыныстарға жататындар:
A) химиялық формуласы бар жыныстар
B) біратты минералдардан құралатын жыныстар
C) бірнеше минералдардан тұратын жыныстар
D) ангидриттер
E) доломиттер


185
8. Тау жыныстары пайда болуына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
A) метаморфты жəне шөгінді
B) шөгінді жəне магмалық
C) магмалық жəне метаморфтық
D) магмалық, метаморфтық жəне шөгінді
E) шөгінді, базальттық, гранитты қабаттар
9. Шөгінді жыныстар генетикалық пайда болуына қарай қандай 
түрлерге бөлінеді?
A) кесекті, химиялық, оргоногендік
B) қопсалған жəне цементтелген
C) қопсалған, химиялық, оргоногендік
D) цементтелген, кесекті, химиялық
E) кесекті, цементтелген, оргоногендік
10. Қопсалған тау жыныстарға жататындар:
A) конгломераттар, брекчилер
B) құмтастар, брекчилер
C) аргиллиттер, алевролиттер
D) ірі кесекті, құмтасты, балшықты жыныстар
E) ангидриттер, доломиттер
11. Минерал дегеніміз:
A) метаморфтық тау жыныстары
B) шөгінді тау жыныстары
C) магмалық тау жыныстары
D) жер қыртысында пайда болған физикалық жəне химиялық 
табиғи біртектес дене
E) жердің литосферасын құрайтын табиғи заттар
12. Жердің эндогендік процестерінің арқасында пайда болған 
бастапқы тау жыныстарына жататындар:
A) мраморлар, гнейстер, кварциттер жəне т.б.
B) гранит, габбро, сиенит, диорит жəне т.б.
C) аргиллиттер, алевролиттер
D) конгломераттар, брекчилер
E) құмтастар, гнейстер


186
13. Тоқсандық жастағы жыныстардың пайда болу уақыты:
A) архейлік
B) полеозойлық
C) кайнозойлық
D) мезозойлық
E) протерозойлық
14. Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау үшін 
қандай əдісті қолданады?
A) палеонтологиялық əдісті
B) стратиграфиялық əдісті
C) радиоактивті əдісті
D) стратиграфиялық жəне палеонтологиялық əдістерді
E) электірлік əдістерді
15. Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтау үшін қандай 
əдіс қолданылады?
A) палеонтологиялық əдісімен 
B) радиоактивтік əдісімен
C) стратиграфикалық əдісімен
D) химиялық əдісімен 
E) электірлік əдісімен
16. Түбірлік жыныстарға жататындар:
A) мезозой заманындағы жыныстар
B) кайнозой заманындағы жыныстар
C) тоқсандыққа дейінгі жастағы жыныстар
D) триас жастағы жыныстар
E) карбон жыныстары
17. Жердің эндогендік процестеріне жататындар:
A) магматизм, желдету
B) метаморфизм, желдету
C) суффозия, магматизм
D) суффозия, метаморфизм
E) магматизм, метаморфизм


187
18. Жел жұмысына негізделген тау жыныстарының бөлек 
жинақталуы:
A) элювиалды
B) аллювиалды
C) делювиалды
D) эолды
E) пролювиалды 
19. Атмосфералық ауаның жұмысына суларының жинақталуы:
A) эолды жəне элювиалды
B) аллювиалды жəне мұзды
C) делювиалды жəне пролювиалды
D) сулы-мұзды
E) аллювиалды жəне элювиалды
20. Судың кермектілігі қандай мəндермен сипатталады?
A) сутекті көрсеткішпен
B) Ca жəне Mg иондарының санымен
C) SO4 иондарының құрамында болуымен
D) Mg жəне SO4 иондарының құрамында болуымен
E) Mg иондарының құрамында болуымен
21. Капиллярлық сулардың топырақ су деңгейінен көтерілу 
биіктігі неден тəуелді болады?
A) қопсалы жыныстардың минералогиялық құрамынан
B) қопсалы жыныстардың кеуектерінің өлшемдерінен
C) топырақ суларының химиялық құрамынан
D) қопсалы жыныстардың химиялық құрамынан
E) жыныстардың қатты бөлшектерінің өлшемдерінен
22. Байланысты жəне байланыссыз жыныстар неге жат-
қызылады?
A) магмалық тау жыныстарға
B) метаморфтық тау жыныстарына
C) шөгінді тау жыныстарына
D) континентальды шөгінділерге
E) теңіздік шөгінділерге


188
23. Байланысқан жыныстар құрамына кіретін негізгі минералдар:
А) каолинит, кварц, гипс
В) монтмориллонит, каолинит, гидрослюда
С) кварц, ортоклаз, мусковит
D) монтмориллонит, гипс, тальк
Е) топаз, флюорит, мусковит
24. Байланыспаған жыныстар құрамына кіретін негізгі минералдар:
А) каолинит, мусковит, гипс
В) монтмориллонит, каолинит, гидрослюда
С) кварц, слюда
D) корунд, флюорит, топаз
Е) топаз, тальк, мусковит
25. Байланысқан жыныстардың ісінуін əкелетін минерал:
А) кварц
В) мусковит
С) монтмориллонит
D) гипс
Е) ортоклаз
26. Байланыспаған топырақтардағы су түрі:
А) əлсіз байланысқан су
В) берік байланысқан су
С) бос су
D) капиллярды су
Е) гигроскопиялық су
27. Химиялық қабілеттілікке ие минерал:
А) гипс
В) ортоклаз
С) кварц
D) тальк
Е) кальцит
28. Суда тез еритін минерал:
А) гипс
В) кальцит


189
С) апатит
D) галит
Е) ортоклаз
29. Метаморфты жыныстар:
А) диорит, конгломерат
В) гранит, диорит
С) мрамор, кварцит
D) алевролит, аргиллит
Е) габбро, базальт
30. Шөгінді жыныстар:
А) гранит, диорит
В) габбро, базальт
С) алевролит, аргиллит
D) гнейс, сланцы
Е) мрамор, кварцит




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет