Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақтағы шірінді заттардың өндірістік мəні



Pdf көрінісі
бет84/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақтағы шірінді заттардың өндірістік мəні
Ыдырау кезінде бірқатар күрделі өзгерістерге ұшырайтын олар 
біртіндеп минералға айналады жəне топырақты азотты жəне зольді 
азықтар элементтерімен байытады.
Осылайша, шірінді заттар, топырақтың өнімділігін арттыруда 
негізгі жағдайлар мен қажетті минералды қоректік қосылыстарды 
топырақты түзудің маңызды көзі болып табылады. Бірақ олардың 
рөлі осымен шектелмейді.
Шірінді заттар, топырақтың бірқатар физикалық, химиялық, 
биологиялық қасиеттерін жақсартады, сондай-ақ оның өнімділігін 
арттырады.
Органикалық заттар – маңызды фактор, олар топырақтың 
құрылымын түзуге негізделеді. Олардың ыдырауы кезінде əртүрлі 
қышқылдар түзеді, ол қышқылдар топырақтың минералды бөлігінің 
химиялық желдетілуін тездетіп, оңай қозғалатын өсімдіктің зольді 
азықтық қосылыстарын түзеді.
Шірінді заттар топырақтың жылу қасиетін жақсартады, бұл 


203
қасиеті өсімдіктің дамуы мен өсуіне жағдай жасайды. Шіріндінің ең 
басты бөлігінің бірі – гумин қышқылы – өсімдіктің дамуы мен өсуін 
тездетеді.
Топырақтағы органикалық заттар, қоректік материал бо-
лып табылады, ал бұдан шығатыны, олар топырақтағы көптеген 
микроорганизмдердің өмір сүруі үшін қажет.
Топырақта шірінді көп болса, ол микроорганизмдерге бай бола-
ды, онда өсімдік үшін қоректік заттардың жинақталуында маңызды 
рөл атқаратын, биологиялық жəне химиялық процестер қарқынды 
жүреді.
Топырақта органикалық заттардың жинақталуы органикалық 
тыңайтқыштар енгізіп, жасыл тыңайтқыштар мен басқаларды 
қолданғанда жүзеге асырылады. Кез-келген дақылдардың жемісін 
жинап болған соң топырақ қабатында тамыр қалдықтары қалады, 
олар ыдырап, сондай-ақ біртіндеп шіріндіге айналады. Топырақтағы 
қоректік элементтерді қолдану жəне сақтау мен қалыптастыру 
органикалық заттардың ыдырау жағдайының өзгеруіне сəйкес жол-
мен жүргізіледі.
Сонымен, органикалық заттарды анаэробты ыдырау жағдайына 
қойып, біз, сонымен оның ыдырауын төмендетуге ықпал жасай-
мыз, керісінше, топырақта аэробты жағдай жасап, біз органикалық 
заттардың минералдарға айналуын тездетіп, өсімдікті зольді жəне 
азот азығымен қамтамасыз етуді үдетеміз.
Осылайша, органикалық қосылыстардың топырақ түзуде мəні 
үлкен жəне алуан түрлі болғандықтан, шірінді мөлшеріне мəнді 
дəрежеде топырақтың өнім беру (нақты) қабілеті тəуелді бола-
ды. Сондықтан топырақтың жалпы салмағынан 1-3% аспайтын, 
топырақтағы шірінді құрамы бар мұндай зоналарда, жоғарғы 
жəне тұрақты өнім жасау кезінде, топырақты органикалық заттар 
жүйесімен құнарландыру – агротехниканың актуальды міндеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет