Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Топырақтардың қара шірінді жағдайын реттеу



Pdf көрінісі
бет87/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

6.6. Топырақтардың қара шірінді жағдайын реттеу
Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының ыдырау процесінде, 
яғни органикалық заттардың минералдануымен бірге топырақта 
күрделі органикалық қосындылардың түзілуі – гумификация процесі 
жүріп, топырақ гумусы немесе қарашірігі жасалады. Топырақ 
қарашірігінде гумин жəне ульмин қышқылдары, балауыз, смолалар, 
витаминдер, фенолдар, антибиотиктер жəне т.б. болады.
Қара шіріндінің ыдырауында көміртегі, нитраттар, фосфаттар 
жəне т.б. бөлінеді. Қара шіріндінің құрамына 5% дай азот кіреді. 
Сондықтан қарашірік заттары топырақты күлдік жəне азот қоректік 
элементтерімен байытады. Мұнымен қоса, қарашірік заттары 
топырақтың структурасын түзуде, аэрациясын, жылу режимін, сіңіру 
қабілетін, су сыйымдылығын, т.б. физикалық, химиялық қасиеттерін 
жақсартуда басты фактор болып есептеледі.
Əрбір топырақ зоналарында Қара шіріндінің мөлшері əртүрлі. 
Ол қара топырақтарда көп, ал оңтүстікке жəне солтүстікке қарай 
ауысқан сайын мөлшері кемиді. Мысалы, қара топырақтарда гумус 
топырақ массасының 8-12, кейде 15 пайызын құрайды. Орманның 
сұр топырақтарында 3-5 %, сұр топырақтарда 1-3%, құмайт 
топырақтарда 0,5-1% жəне одан да аз болады. Қара шірінді заттар қара 
шірінді құрамына кіретін жоғары молекулалы азаотты қышқылдық, 
органикалық қосындыларға жатады жəне негізінен коллоидтық 
түрде (ацидоидтар) болып келеді. Ацидоитар 2 валентті Са,Mg, Fe 
жəне 3 валентті Fe, Al катиондарымен коагуляцияланып гельге өтеді 
(тұнбаға түседі). Қара шірінді заттар қара шірінді массасының 80-
90 пайызын құрайды. Оның құрамына негізгі үш топ қосындылар: 


207
гуминдық қышқылдар (гумин, ульмин қышқылдары), гумин жəне 
ульмин (топырақтың минеральдық бөлігімен өте берік байланысқан 
гуминдық жəне фульвоқышқылдардың кешендері) кіреді.
Академик В. Р. Вильямс қара шіріндінің құрамына органикалық 
заттың үш ыдырау типтеріне жататын үш қарашіріктік қышқылдар 
(ульмин, гумин жəне крен қышқылдарды) кіреді деп дəлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет