Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды



бет53/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

7.3 Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды
сабақта пайдалануда мұғалім – негізгі тұлға
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру – өте күрделі
де ұзақ үдеріс. Кейде ол мұғалімнен оқытудың үйреншікті əдіс-
тəсілдерінен арылуды талап етеді. Сондықтан мұғалімге оқыту
технологияларын үйретуді арнайы кəсіби тұрғыдан ұйымдастыру
керек.
Сабақ – қашанда жетіліп отыратын шығармашылық сипаттағы
үдеріс. Сабақ – білім беруді ұйымдастырудың негізгі жолы.
Сабақ құрылымы қандай болса да оқушыға білім мен дағды
беруді көздейді.
Мұғалім – сабақтағы басты тұлға, өйткені ол оқушыларға
жүйелі түрде білім алу дағдысын, іскерлігін қалыптастырады. Ол
үшін түрлі оқыту əдістерін алмастыра пайдаланып, оқушылардың
танымдық əрекетіне мақсат көздей басшылық етеді. Бұл жөнінде
педагог-ғалым Ахмет Байтұрсынов: ォМектепке бірінші керегі –
мұғалім, екінші – оқыту ісіне керек құралдар, үшінші – бағдарлама
жəне оқулықтар керекサ, – деп дөп басып айтқан, өйткені оқыту
ісінің сапасы осы – үш қажеттілікке байланысты. Əсіресе, мұғалім
бағдарламаны, оқыту құралдарын, оқулықтарды, əдіс-тəсілдерді
пайдаланып, оқушыларды біліммен қаруландырады. Олай болса,
оқу-тəрбие ісінің табысты, білімнің берік болуы – мұғалімнің
сабаққа мұқият дайындығына байланысты.
Мұғалім ең алдымен, өз пəнінің оқу жоспарымен, педагогика
жəне психология пəнінің бағдарламасымен танысып, бір жылға
күнтізбелік жəне жұмыс жоспарын жасайды. Сонымен қатар əр
сабақтың тақырыптық жоспарын, конспектісін дайындайды. Онда
ол тақырыптық жəне пəнаралық байланысты ғылым жаңалығын,
алдыңғы қатарлы озат тəжірибені ескеріп, əр сабақтың мақсат-
міндеттерін, оқу жадығатының, дербес жұмыстардың көлемін,
оқыту əдістерін, көрнекі жəне техникалық құралдарын анықтайды.
Мұғалім оқу жағдайын жан-жақты білу үшін негізгі жəне
қосымша оқу құралдарын, ғылыми педагогикалық, əдістемелік,
тарихи, көркем əдебиеттерді, арнаулы басылымдарды оқып,
қажеттілерін сұрыптап алуы, сенімді мысалдарды, қызықтыратың
мəліметтерді таңдап алуы керек.
Мұғалім осылайша оқу жағдайын анықтап алып, сабақ
жоспарын, оған сай конспектісін немесе тезисін жасайды.
Ал, педагогикалық жүйе – дара тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы
педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем,
байланысқан əдістердің, құралдардың жиынтығы. Олай болса, дəл
қазір бізге осы педагогикалық технологияны дамыту, оны практикада
пайдалану қажет.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды пайдалану
ォпəнге қызығушылықтарын арттырудың тиімді жолдарыサ деп
аталады. Мақсаты – оқыту үдерісінде қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды пайдалана отырып, оқушыларды негізгі пəндермен
терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті
өмірде өз деңгейіндегі іскерлікпен қолдана білу. Қазіргі заманғы
педагогикалық технологияны қолдануда:
ォМұғалім нені білу керек?サ
 қазіргі заманғы педагогикалық технология көмегімен
шешілетін мəселені анықтай алуы;
 қазіргі заманғы педагогикалық технологияны қолдану
арқылы алынатын нəтижелерді;
 қазіргі заманғы педагогикалық технология мəнінен алынатын
нəтижелердің теориялық негізін;
 қазіргі заманғы педагогикалық технологияда мұғалім
қолданылатын əдіс-тəсілдерді білуі керек.
110 111
Оқушыларды __________қазіргі заманғы педагогикалық технологияда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет