Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Ендірілетін технологияның теориясы мен əдістемесін



бет50/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

2. Ендірілетін технологияның теориясы мен əдістемесін
зерттеу:
- жаңа педагогикалық технологиялар бойынша əдебиеттерді
талдау, бұл ұсынынатын əдебиеттер бойынша ақпараттық тізімдерді
жасауды, əдебиеттерді жинақтауды, түрлі көрмелер ұйымдастырып,
оқытушылар біліктілігін арттыру жүйесінде (əдістемелік сағаттар,
озық тəжірибе мектебі, мəселелік семинардар, т.б.) талдауды қажет
етеді;
- басқа оқу орыдарының, салалық құрылымдардың оқу
үдерісіне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды ендіру
тəжірибесімен танысу (журнал мақалалары, ғылыми еңбектер
жинақтары, басқа оқу орындарының жұмысын бақылау, т.б.);
- берілген бағыттағы өз тəжірибесін пəндік циклдік комиссиясы
(ПЦК) мəжілістерінде талдау жəне талқылау;
- жаңа педагогакалық технологияларды оқу үдерісіне енгізуге
шешім қабылдап, педагогикалық ұжым алдында перспективаға
мақсат-міндеттер қоя отырып, педагогикалық кеңесте
жаңашылдықтың мəнін түсіндіріп, оны жүзеге асыру жолдарын жо-
балау;
- тəжірибелік-эксперименттік жұмыстың жоспарын құрастыру.
3. Тəжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру.
Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруге оқытушы-
ларды жалпы ынталандырумен қатар оқу орнында тəжірибелі,
белсенді, бастамашыл, ендірілетін технологияның мəні мен
мазмұнын түсінген 8-12 оқытушылардан тұратын тəжірибелік-
эксперименттік топ құрған жөн.
Оларға барлық оқытушыларға қазіргі заманғы педагогикалық
технологияны меңгеруге көмек көрсету қызметі, өз тəжірибесін
демонстрациялау жəне талдау жасау, нəтижелерін эксперименттік
түрде тексеру міндеттері жүктеледі.
Сонымен бірге оларға оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын
қайта жасау, толықтырулар енгізуді қамтитын оқытушылардың қазіргі
заманғы педагогикалық технологияның ғылыми-əдістемеліктің
қамтамасыз етілуіне көмектесу міндеті де қойылады.
Тəжірибенің мақсаты – қолданылып отырған технологияның
тиімділігін мұқият тексеріп, оны жүзеге асырудың ғылыми-
əдістемелік базасын жасап, өз тəжірибесіне жəне оқыту
технологиясының теориялық негіздеріне сүйене отырып,
инновацияны насихаттаудың негіздемесін дайындау.
Оқытушылардың эксперименттік тобы қазіргі заманғы
педагогикалық технологияны ендірудің жалпы жоспарына сай
келетін өз жоспарларымен жұмыс жасайды. Тəжірибе-эксперимент-
тік жұмыстың екінші жылында оған қатысушы оқытушылардың
шеңбері кеңейіп, қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды
жаппай ендіру мəселесі қойылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет