Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет98/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

ІІ. «Игеріп оқу» теориясы. «Игеріп оқу» теориясы дегеніміз
сыныптық оқыту кезінде үздіксіз кері байланысқа шығу жəне дер
кезінде түзету жасау, оқушыларға қажетті үйрену уақытын беру
жəне көмектер көрсетіп отыру, сол арқылы көп санды оқушылардың
оқулық нысанасы белгілеген өлшемге жету тұрғысындағы теория.
Бұл өз ішіне екі мазмұнды қамтиды:
- оқыту мен оқуда үміткерлік сезімін туғызу;
- оқытуды өнімді түрде дербестендіріп, көп санды оқушылардың
жақсы үйренуіне көмектесу.
ォИгеріп оқуサ теориясы өте өнімді оқыту тəсілі болып саналады,
оның ең өзекті мəселесі – көп санды оқушылардың айтарлықтай
үйрету нəтижесіне жете алмауы олардың ақыл-парасат жағындағы
кемістігінен емес, қайта, өз ерекшеліктеріне сай келетін үйрену
уакыты мен оқыту көмегінің жетіспеуінен болады, егер мектеп
оларды лайықты үйрету шарт жағдайымен қамтамасыз ете алғаны,
басым көпсанды оқушылар оқытқан нəрселерді игере алады,
оқытудың міндеті тек қана оқушыларға оқыған пəнін игеруге
қажетті материалдармен қамтамасыз ету деп қарайды.
ォИгеріп оқуサ теориясының іс жүзіндегі маңызын мынадай
бірнеше жақтардан көруге болады:
1. Мұғалімнің оқушы үйретуіндегі көмекші күшін сезінуіне
мүмкіндік береді. Əрбір оқушыны жақсы оқи алатындығына
сендіреді, мұғалім де оқыту үміті, оқушы да оқу сенімі болады.
2. ォИгеріп оқудыңサ сəтті болу-болмауы оның ォкері байланыс пен
толықтыруサ барыстарының сəтті орындалу-орындалмауына байла-
нысты. Блум: дəстүрлі сыныптық оқытудағы ең басты қайшылық
біртұтас оқыту мен жеке қажеттілік арасындағы қайшылық, бұл
қайшылық кей оқушылардың үйрену қызығушылығын жояды, ал
дербес оқытудағы ォдер кезінде кері байланыс орнату, толықтыру,
үйренуді дұрыс жолға салудыサ сыныптағы оқытуға шеберлікпен
қолданса, қызықты оқыту ортасы қалыптасып, біліміне қарай оқыту,
барлық оқушыны негізге алу сынды көзқарасты іске асырып, оқыту
сапасын жан-жақты көтеруге жол ашады деп санайды.
ォИгеріп оқуサ, ォТəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлуサ теория-
сы анықтаған оқыту нысанасына сай жүргізіледі. Бұл мұғалімнің
оқытудағы сұрақ қою, түсіндіру, жаттығу орындату, тексеру жүргізу
барысындағы білім мен біліктік қатынасын толық меңгеруге,
қателіктерден сақтануға немесе түзетуге, оқушылардың ұқсамаған
сатыдағы үйрену өресіне жетуіне пайдасын тигізеді.
4. Оқытуды бағалауды тек оқушыларға балдық жүйе бойынша
202 203
баға беру ғана емес, қайта олардың үйрену белсенділігін жоғарылату
құралына айналдырады.
Бұндай тексеру қалыптаса келе оқушыларға қысым түсіру емес,
қайта, табысқа жетудің шаттығын сыйлайды.
5. ォИгеріп оқуサ теориясы оқушылардың үйрену барысындағы
жүрексіну психикасын жоюға назар аударады, əсіресе оқуда нашар
оқушылардың талпыныспен жеткен табыстарының дəмін татуға
көмектесуге ерекше мəн береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет