Сабақ оқытуды ұйымдастырудың бір формасы Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту үдерісінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Келесі кезең жеке-топтық оқыту əдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту əдіс қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық- сабақтық жүйенің авторы ретінде Я.А.Каменскийді атайды. Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай: - оқудың негізгі бірлігі сабақ; - оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді; - мектептегі оқыту кезеңі; - сабаққа қатысу бəріне міндетті; - сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды; - сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып жəне бəріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады; - оқыту барысын мұғалім басқарады. Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы үлгісі. Сабақ – мұғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай технологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ əр ұстазда түрліше болып шығады. Кез келген сабақтың анық мақсаты болуы керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай классификациялайды. - жаңа сабақ өту; - дағды мен біліктілігін қалыптастыру жəне дамыту; - білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану; - оқыту жəне білімді жүйелеу; - білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау жəне коррекциялау; - кіріктірілген сабақ. Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай жəне қандай əдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес. Қорыта келгенде, бүкіл оқыту барысында оның əртүрлі жақтарын қамтамасыз ететіндей бір мезетте бірнеше технология қолдану керектігіне мұғалім назар аударуы қажет. Нақты өмірде бұл жағдай əрқашан іске аса бермейді. Неге десеңіз, мұғалім бір технологияны немесе оның бір көрнекті элементін ғана практикада қолдануға бейім тұрады. Бұл жағдайда ИОТ-ң бүтіндік принципі 198 199 бұзылады: бұл үдеріс əртүрлі технолгиямен жан-жақты қамтылуды талап етеді, бүтін болғанда ғана технология педагогикалық тұрғыда əсерлі болады.