«Ауызша сабақ - 1» картасы бойынша технологиялық сабақ сапасының мониторингісі Сапалы технологиялық нəтиже алу үшін сабақтың əр кезеңі мен бүкіл сабақ барысы өлшенеді. Бұл үшін сабақтың технологиялық кезеңі бойынша негізгі 5 көрсеткіші жасалған, ол мұғалім тарапынан ООМ арқылы қойылатын алу жəне қосу белгілерімен көрінетін белгілер. 1. Өткен тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақ қою. 2. Тірек сөздерді есте сақтау бойынша жадысына. Бақылау – (оқушылардың бір-бірін өздері тексеруі). 3. Сөздік қоры бойынша сөз саны үшін. 4. Қарама-қарсы сұрақтар үшін. 5. Сыни көзқараспен сұрақ қойғаны үшін. Зейін мен есте сақтауды дамыту бойынша жұмыс ережесі. Оқушылар сөзді есте сақтағаннан соң, блок ашылады. Балалар қалып қойған сөздерді дəптерлеріне орнына келтіріп жазады. Тілшілер үшін бұл кезең жаңа сөздерді есте сақтау формасының бірі болып табылады. Мысалы: 7 сөздің үш сөзі өшіріледі. Бірақ балалар ол сөздермен сөйлем, сөз тіркестерін құру арқылы жаттықтыру жұмыстарын жүргізіп, оларды ұмытпай есте сақтауы қажет. Ары қарай өшірілген сөздер орнына келтіріледі, бірақ, басқа сөздер өшіріліп сөздермен жұмыс жасау жалғасады. Мəтінмен жұмыс жасау.Оқушылар берілген мəтінмен тірек сөздерді тауып, тақырыптағы сөздің мəнін ашады. Сондай-ақ, мұғалім қарама-қарсы жəне сын тұрғысынан сұрақ қою барысында баланың көңілін əрбір ұсақ бөлшекке назар аударылатыны жайында ескертіп, балалар, мəтінге аса назар аударып оқулары қажеттілігі жөнінде мұғалім тарапынан нұсқаулық алады. Картаның негізгі мақсатын есте сақтау қажет, ол: оперативті ойлау қабілетін дамыта отырып, оқу материалын сапалы меңгеру жəне берілген тақырып бойынша сыныптың барлық күш-жігерін ақпаратты өңдеуге біріктіру.