Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет64/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

түсінуі;
o қажеттілік жүйесі;
o шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің
жиынтығы;
o сыртқы жағдайлар əсерінің жиынтығы жəне т.б.
(Г. К. Селевко)
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі
баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту
технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Тұлғаға бағдарлы технология мектептегі білім беру жүйесінде
баланың табиғи əлеуетін жүзеге асырып, жан-жақты дамуы үшін
ұрыс-жанжалсыз жəне қауіпсіз жағдай тудыруды басты мақсат етіп
қойып отыр. Бұл технологияның негізінде ізгілік философиясы
жатыр. Педагогтің міндеті – өз мүмкіншілігін барынша жүзеге
асырғысы келетін, өмірде болатын əртүрлі жағдайлардан
жауапкершілікпен жол таба білетін тұлғаны тəрбиелеу.
Тұлғаға бағдарлы технология адамды танып-білуге
ізгіліктілігімен, жүйкелік емдік бағытымен, баланың жан-жақты,
азат, шығармашылық жағынан дамытуды мақсат етіп қоюымен
ерекшеленеді.
Ынтымақтастық технологиясы педагог пен оқушы арасындағы
өзара түсінушілік, ынтымақтастық, серіктестік қарым-қатынасын
жүзеге асырады. Оқушы мен мұғалім ынтымақтастықта жұмыс
істей отырып, ортақ мақсатқа жету үшін іс-əрекеттің барысы мен
нəтижесін бірігіп талдайды.
Азат тəрбиелеу технологиясы баланың өмірлік іс-əрекетінде өз
бетінше шешім қабылдауға, таңдау жасауға мүмкіндік береді. Таңдау
арқылы бала субъект ұстанымын жүзеге асырады. Ол қорытындыға
сыртқы күштердің ықпалы емес, ішкі түрткілер арқылы жетеді.
Эзотериялық технологиялар ақиқат пен оған баратын жол
138 139
туралы эзотерия (белгісіз, бейсана) туралы ілімге негізделген.
Педагогикалық үдеріс – бұл қарым-қатынас, хабарлама емес
ақиқатқа жеткізу. Эзотериялық технологияда баланың өзі ғаламмен
ақпараттық қарым-қатынас жасау орталығы болып табылады.
Тұлғаға бағдарлы педагогикалық технология дамуының
бастауы Бахтин-Библер мəдениетінің тұжырымдамасында жатыр.
Бұл ережеде жалпылама диалог адам санасының негізі деген идея
жатыр.
Кез келген педагогикалық технологиялардың дəстүрлі
дидактикалық жүйесінің негізінде түсіндіру жатса, тұлғаға
бағытталған білім беруде түсінушілік пен өзара түсінушілік жатыр.
В. С. Библер бұны былайша түсіндіреді: түсіндіру кезінде жалғыз
сана, бір ғана субъект, монолог; түсінушілікте екі субъект, екі сана,
өзара түсінушілік, диалог. Түсіндіру – үнемі жоғарыдан төмен қарау,
ақыл, өсиет болса, түсіну бұл қарым-қатынас, ынтымақтастық, өзара
қарым-қатынастағы теңдік.
Түсіндіруден түсінуге, монологтан диалогқа, əлеуметтік
бақылаудан дамуға, басқарудан өзін-өзі басқаруға көшу тұлғаға
бағдарлы педагогикалық технологияның іргетасын қалайды.
К. Н. Вентцельдің айтуы бойынша, педагогтің негізгі бағдары –
ォзаттыサ танып білуге емес, қарым-қатынас жасауға, оқушылармен
өзара түсінушілікке, оларды шығармашылық үшін ォбосатуғаサ
бағытталуы қажет. Жеке тұлғалық білім беру кеңістігінде
шығармашылық, ізденушілік негізгі тəсіл болып табылады. Бірақ
балалардың өз бетінше білім берудегі шығармашылық міндеттері
мен өмірлік мəселелерді шешу үшін рухани, дене жəне ақыл-ой
мүмкіндіктері жете дамымағандықтан педагогикалық қолдау мен
көмек көрсету қажет.
Қолдау бастауыш сынып мұғалімінің балаға деген ізгілік
ұстанымын көрсетеді. Балалар мұғалімнен көмек жəне қорғауды
күтсе, мұғалім өз тарапынан бала өміріне, денсаулығына,
эмоционалдық жай-күйіне, дамуына деген жауапкершілікті
саналылықпен сезінеді.
Ш.Амонашвилидің іс-əрекетінде қолдау үш принципке
негізделген: біріншісі – баланы жақсы көру; екіншісі – бала өмір
сүретін ортаны адамдандыру; үшіншісі – балалық шағын өткізу.
В. А. Сухомлинский педагог өзінде балалық шақтың сезімін
сақтап қалуы керектігін атап айтқан. Бастауыш сынып мұғалімдерінің
алдында тұрған басты мақсаты: баламен болып жатқан өзгерістерді
жəне оны түсінуге қабілеттілігін дамыту; баланың қылықтарына
ақылмен қарау; бала бір нəрсені əдейі бұзбайтынына, қаталесуіне
сену; ол туралы жаман, əділетсіз ойламау; ең бастысы баланың жеке
тұлғалық қасиеттерін бұзбай қатесін түзетіп, дамыту.
Тұлғаға бағдарлы технологиялар əр баланың тұлғалық
ерекшеліктеріне сəйкес келетін оқыту мен тəрбиелеудің əдіс-
тəсілдерін табуға тырысады. Психодиагностикалық əдістерді
қолданып, баланың іс-əрекетін ұйымдастыру мен қарым-қатынасты
өзгертеді. Оқытудың алуан құралдарын пайдаланады, білім беру
мазмұнын үйлестіреді. Шетел зерттеушісі К.Роджерс педагогтің
негізгі міндеті баланың жеке тұлғалық өсуіне көмек беру деп
санайды. Оның ойынша педагогика емдеу сияқты: ол үнемі балаға
дене жəне психикалық денсаулық сыйлауы қажет.
Тұлғаға бағдарлы технологиялары бойынша өтілген сабақтарда
мұғалім жеке тұлғаның дамуы үшін жағымды жағдай тудыруы қажет.
Оқу үдерісі барысында мұғалім балалардың кез келген сұрақтарына
жауап беріп, өздеріне деген сенімдерін нығайтқаны дұрыс. Мұғалім
əр оқушының жəне бүкіл сыныптың алдында тұрған мақсат пен
міндеттерді шешуге көмектесіп қана қоймай, бүкіл топтың көңіл-
күйін сезіне алады. Мұғалім топтық қарым-қатынас жасауда
белсенділік көрсетуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет