Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл педагогикалық қызметтегі
əдіснамалық бағдар, ол өзара байланысты түсініктер, идеялар мен тəсілдер арқылы өзіндік тануын, өзін-өзі қалыптасуын жəне бала тұлғасының қабілеттерінің жүзеге асуын, оның қайталанбас даралығының дамуын қамтамасыз етеді жəне қолдайды. Жеке тұлғаға бағытталған əдіс негізіндегі педагогикалық технологиялар: Жеке бағытталған білім беру технологиясы (Якиманская И.С.); Дербес дамытудың технологиясы (Селевко Г.К.); Ынтымақтастықтың педагогикасы; Адамгершілік жеке технологиясы ( Амонашвили Ш.А.); Ойын технологиялары; Дамыту технологиялары; Проблемалық тəлім-тəрбие__________; Деңгейлік саралау технологиясы. Тұлғаға бағытталған оқыту – бұл 140 141 Оқушымен жеке жұмыс мүмкіндігі; Оқушы тұлғасын тану жəне қадірлеу; Қабілеттеріне қарай топтарға бөлінген балаларды оқыту; Балалармен ынтымақтастық; Оқытудың түрін, мазмұнын, формасын таңдауға мүмкіндік беру; Оқушылардың танымдық стратегиясын дамыту; Оқыту үдерісінде балалардың тұлғалық тəжірибесін есепке алу. Мақсаттарды қойғанда басты назар неге аударылады? • Əр бастауыш сынып оқушысының жеке танымдық қабілеттерін дамыту; • Бастауыш сынып оқушысының жеке (субъектік) тəжірибесін көбірек анықтау, ынталандыру, пайдалану, ォмəдениеттендіруサ; • бастауыш сынып оқушысының алдын ала жоспарланған ерекшеліктерін қалыптастырмай, оның өзін-өзі тануына, өмірде өз орнын табуына жəне қабілеттерінің іске асуына көмек көрсету. Негізгі принциптері жеке даралық; тұлға; күн талабына сай келетін мəселелерді өзі шеше алатын тұлға; өзіндік ойын білдіре алатын; субъективтілік; ォМенサ концепциясы; таңдау; педагогикалық қолдау; сенімділік пен қолдау.