Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет78/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

мотивациялық аспектісі негізге алынады.
Дидактикалық ойын бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде
нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мəнін ашады.
Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру
барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да
пайдаланған тиімді. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау,
көру, сезіну, қабылдау, ойлау сөйлеу үдерістері дамып, заттарды
пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, əр түрлі қимылдарды
орындауға үйретеді.
Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі дамыту құзырлығы
бүгінгі күні білім беру саласындағы өзекті мəселе. Оқушыларды заман
талабына сай коммуникативті қасиеттері мен эстетикалық талғамы
сезімі жоғары, ұшқыр ойлы, белсенді, креативті, кез келген ортаға
бейімделетін, өзін-өзі ұстай алатын тұлға ретінде қалыптастыруда,
құзырлы білімдерін дамытуда ойын технологиясының маңызды
функцияларының атқаратын орны ерекше.
1. Ойынның əлеуметтік-мəдени белгілері. Ойынның əлеуметтік-
мəдени белгілі мəдени байлықты, тəрбие потенциалын игерген
ұжымның толыққанды мүшесі бола алатын баланың жеке тұлға
ретінде қалыптасуының көрсеткіші.
2. Ұлтаралық қарым-қатынас функциясы. Ойындар арқылы кез
келген ұлт өкілдері өз ұрпақтарын өмірдегі əр түрлі жағдаяттардан
жол таба білуге, кикілжіңді қатігездіксіз шешуге, əрқилы
эмоцияларды дұрыс қабылдай білуге үйретеді.
3. Ойында адамның өзін іс жүзінде көрсетуі. Ойын барысында
бала өзін іс жүзінде көрсетеді.
4. Коммуникативтік ойын. Оқушыларды əр түрлі қиыншылықтан
жол таба білуге итермелейді.
5. Ойынның диагностикалық функциясы. Жеке тұлға интеллект,
шығармашылық жағынан өзін-өзі іс жүзінде көрсетеді.
6. Ойынның емдеу функциясы. Ойын адамның тəртібіндегі
өзін қоршаған басқа адамдармен қарым-қатынасын жəне оқудағы
туындаған əр түрлі қиындықтарды жеңу үшін пайдаланылады.
7. Ойынның түзету функциясы. Түзету ойындарының тəртібі
нашар, психологиялық көмекті қажет ететін оқушылар үшін көмегі
зор.
8. Ойынның көңіл көтеру функциясы. Ойын қиялды дамытып,
көңіл көтеруге итермелейді.
Əр мұғалім технологияның нəтижесін дұрыс болуы үшін
мынандай жағдайларды ескеруі қажет:
 Əр ойынның тəрбиелік, білімділік, дамытушылық маңызын
алдын ала жете түсініп, оның балаларға қандай нəтиже беретіндігін
анықтау
 Ойын жүргізетін орынның мүмкіндігі, ойын жабдықтарының
эстетикалық талаптарға сай болуы, алдын ала əзірлеу.
 Сыныптағы оқушылардың жас, психологиялық
ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне, сөздік қорнына сəйкес келуі.
 Ойын кезіндегі қозғалыс, техникалық қауіпсіздіктен
қамтамасыз ету.
 Ойынның, сабақтағы ойын элементтерінің оқушылардың
ынтасын тартып, пəнге деген қызығушылығын арттыруға
бағытталуы.
Заман талабына сай əр мұғалім өз сабағын жаңаша
ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Ойын
дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін
көтеретін, ойландыратын үдеріс. Ойын-төзімділікті, алғырттықты,
164 165
тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті,
дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ
басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға
үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді əдістердің бipi.
В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, ォОйынсыз ақыл-
ойдың қалыпты дамуы да жоқ жəне болуы да мүмкін емес. Ойын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет