Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



бет77/151
Дата02.12.2022
өлшемі0,86 Mb.
#54385
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   151
Байланысты:
билим беру жумысы

əрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық
қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нəрсе: білім, əрекет,
қарым-қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, ойын
түрлерін төмендегідей жүйеленеді:
1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп,
аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар,
темір жол, теңізшілер;
2. Қимыл-қозғалыс ойындары: ォақ серек, көк серекサ, ォұшты-
ұштыサ, ォаңшыларサ, ォсиқырлы таяқサ, ォмысық пен торғайларサ,
ォбақташы мен қозыларサ, ォсоқыр текеサ, мысық пен тышқан;
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты
серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке
келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дəл тауып айт, т.б.
4. Құрылыс ойындары: лото, жəне басқа констукторларды
пайдалану;
5. Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, əңгімелерді рөлдерге бөле
отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.
Ұлттық ойын ойнау баланың салт-дəстүріне, əдет-ғұрпына деген
сүйіспеншілігін арттырады жəне адамгершілік құндылықтарын
қалыптастырады. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауап-
кершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.
Ойын əрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен
бастап-ақ маңызды зор халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың
бірі ұлт ойындары. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар
бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тəрбие
құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тəрбиесінен бастап,
мектептегі жеке пəндерді оқыту барысында қосымша материал үшін,
баланың сол пəнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға
болады.
Оқушының бəрі жақсы оқығысы келеді. Оқушылардың
кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері
керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін
өз мүмкіндігіне сəйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын
дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа
жетелейтін, пəнге қызығушылығын арттыратын əдістің бірі –
грамматикалық __________ойынның түрлері.
Ойындарға материалды таңдап алуда төмендегідей жайттарды
ескеру керек:
 Ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының
мүмкіндіктері.
 Білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлығы.
 Ақыл-ой іс-əрекеті тəсілдерін қалыптастырудың
алғышарттары.
Ойынның құрамына қойылатын талаптар ойынның мақсаты,
мазмұны жəне формасы арқылы анықталады.
162 163
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу
педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сəйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай əртүрлілігі.
3. Ойынның балаларға түсінікті жəне тартымды болуы.
4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық
позициясы.
5. Ойынның эмоциональды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай əдістемелік
талаптар қойылады:
1. Ойынның мақсаты жəне керекті көрнекті құралдар мен мате-
риалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тəртібі оқушыларға
əбден түсіндірілуі қажет.
3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын
қамтамасыз ету керек.
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне
жетелеу керек.
Ойындардың __________жіктемесін жасауда оқытудың білімділік, тəрбиелік
жəне дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет