Интербелсенді оқыту – бұл танымдық қызметті
ұйымдастырудың арнайы нысаны. Ол əбден нақты əрі болжамды мақсаттарды білдіреді. Мұндай мақсаттардың бірі – тыңдаушы өзінің ақыл-парасатының толымдылығын сезінетіндей қолайлы жағдай жасау, бұл оқу үдерісінің өзін өнімді етеді. Интербелсенді əдістер оқу қарым-қатынастары ортасын құрады, ол: ашықтықпен; қатысушылардың өзара əрекеттестігімен; қатысушылардың дəлелдерінің теңдігімен; бірлесе білім жинаумен; өзара бағалау мен бақылау мүмкіншілігімен сипатталады. Негізгі интербелсенді əдістер Шығармашылық тапсырмалар Шағын топтарда жұмыс істеу Үйретуші ойындар Рөлдік ойындар, еліктемелер Іскерлік ойындар жəне білім беретін ойындар Қоғамдық ресурстарды пайдалану Əлеуметтік жобалар жəне аудиториядан тыс оқыту əдістері Жаттығулар Жаңа материалды зерделеу жəне пысықтау Интербелсенді дəріс, көрнекі құралдармен, бейне жəне дыбысты материалдармен жұмыс Күрделі жəне таласты сұрақтар мен мəселелерді талқылау ォпікірлер шкаласы ұстанымын ұстанサ Жобалау тəсілдері ォЖалғыз – екеулеп – бəрі біргеサ, ォКарусельサ, ォТеледидарлық ток-шоу стиліндегі пікірталасサ, талқылау, симпозиум Жаңа материалды зерделеу жəне пысықтау Интерактивті дəріс, көрнекі құралдармен, бейне жəне дыбысты материалдармен жұмыс Мəселелерді шешу ォШешімдер ағашыサ ォМиға шабуылサ ォШырмауды шешуサ ォКеліссөздер жəне медиацияサ Интербелсенді оқыту технологиясы – бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара əрекетіне негіздел- ген, оқу үдерісіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту үдерісін ұйымдастыру. 194 195 Интербелсенді оқыту технологиясына кіретіндер: жұптасып жұмыс істеу; ротациялық (ауыспалы) үштік; карусель – Айналмақ; миландыру /Мозговой штурм/; броундық қозғалыс; шағын топтармен жұмыс; аяқталмаған сөйлем; есептеу ағашы /Дерево решений/; сығымдау əдісі /Метод пресс/; өз атынан сот /Суд от своего имени/; азаматтық тыңдау; рөлдік /іскерлік/ ойын; өз позицияңды ұстан; дискуссия; дебаттар. Бастауыш мектептің оқу үдерісінде интербелсенді оқыту технологиясын тиімді пайдалану. Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Əр бастауыш сынып мұғалімі өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу əдісін сабақтарда жиі қолданылады. Мысалы: бастауыш сынып оқушыларына ォКарусельサ деп аталатын мынадай жұмыс түрі қатты ұнайды. Екі сақина жасалады: ішкі жəне сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина – бұлар əрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады жəне əрқайсысы өзінің дұрыстығына əңгімелесушінің көзін жеткізуге тырысады. Аквариум технологиясының мəні – бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады /разыгрывают/, ал қалғандары оларды бақылап тұрып əрекеттеріне талдау жасайды. Броундық қозғалыста бастауыш сынып оқушылары бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды. Есептеу ағашы – сынып оқушылары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Əр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады. ォӨз позицияңды ұстанサ – деп аталатын интеграцияның да пайдасы бар. Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін бастауыш сынып оқушылары ォИəサ немесе ォЖоқサ деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндіргені дұрыс.