Саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі: жеке құрылымдарға бағдар беру; білім мазмұнының 208 209 сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалыққұрылымы. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: - əрбір оқушыөзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенінқамтамасыз етеді; - деңгейлеп оқыту əр оқушығаөз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді; - деңгейлеп оқыту əр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді; - деңгейлеп-саралап оқытуқұрылымындабілімді игерудіңүш деңгейіқарастырылады: ең төменгі деңгей(базалық) , бағдарламалық, күрделенген деңгей. Оқытудағы саралау əдісінің əдістік негіздері оқушының оқу материалын жеңілден күрделігеқарай жүйелі меңгеруі; алынған нəтижені өлшеуге болатындығы; оқуүдерісінің жарыс түріндеұйымдастырылуы; бағалаудың жетелеушілік қасиеті; дамыта оқытудың əдісі Деңгейлеп-саралау негізіндегі педагогикалық технология əдістемесі. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты– білім алушыларды «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау, оқытудың тиімділігін арттыра отырып, сапалы білімге қол жеткізу. Саралай оқыту əрекеті – білім алуға бағытталған əрекет. Ол өз бетінше, əрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б.Ананьев, Л.Выготский, А.Леонтьев, т.б. ғалымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезеңіндегі оқу əрекеті В.Давыдов, Л.Занков, т.б. зерттеулерінде қарастырылады. Саралай оқытудыұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтығақарайөрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізі болып табылатын əрекет, оқу əрекеті əрбір сабақтыңөзегі деп түсінуі керек. Саралай оқытудыұйымдастыру арқылы бала ақыл-ой деңгейі мен белсенді əрекеті арқасында репродуктивті емес нəтижеге жетеді. Бастауыш мектептің оқуүдерісінде деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын пайдалану. Бастауыш сыныптар да жаңаша оқыту даралап, саралап оқыту технологиясына негізделеді. Өйткені жаңаша оқыту оқушының жеке мүмкіндігінеқарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауғаүйретеді. Кез келген бастауыш сынып мұғалімі əр пəн бойынша оқу модельдерін əзірлеп, əдістемелерін жинақтауы керек. Ол __________үшін: - оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу; - деңгейлеп-саралап оқытудың тұлғақажеттіліктерін қанағаттандыруға жəне оны дамытуға ықпалын анықтау; - оқушылардың пəнге деген тұрақтықызығушылығын тудыру керек. Егер деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тəрбие үдерісіне енгізіп, ғылыми-əдістемелік құжаттармен, ұсыныстармен қамтамасыз етілсе, онда дəстүрлі оқытудың төмендегідей мəселелерін шеше аламыз: - оқушылардың 100 пайыздықүлгеріміқамтамасыз етіледі; - оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы азаяды); - оқушылардың оқуқызметтерінің нəтижелері əділ бағаланады; - оқушыларда сəтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойыла- ды; - дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайларжасалады; - танымдықүдерістерді, оқушылардың танымдыққабілеттерін зерттеу əдістері жүйеленеді; - олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады. Бастауыш сынып оқушыларының дербес ерекшеліктерін анықтауүшін мұғалім алдымен, олардың ықылас-жігерін, ынтасын, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, жалпы білім деңгейін зерттеуі керек. Бұл ерекшеліктерді айқындауүшін білімді меңгеру деңгейін анықтауға арналғантапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалнама, психологиялық тəжірибе жасау, ата-аналармен əңгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе əңгіме, оқыған материалды, т.б. тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мəселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, 210 211 суреттерін салуға уақытберіледі, ал үлгерімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудің жоспар үлгісіұсынылады. Оқыту үдерісін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруүшін оқу-тəрбие жұмысында бастауыш сынып мұғалімі өзіне лайық əдіс енгізеді. Өзіндік əдісті жүзеге асыруда мына мəселелер көзделеді: бастауыш сынып оқушыларының жеке ерекшеліктерін зерттеп, типтік топтарға бөлу; бастауыш мектептің оқуүдерісінің барлық сатыларында əр түрлі топтардағы оқушыларды оқыту, тəрбиелеу жəне дамытудың əдістемелігін жасау; əр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесінқұру; білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру. Бастауыш мектепте деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану Деңгейлеп-саралап оқытудың негізінде сабақтың əр түрлі кезеңдерінде оқушылардың оқу əрекетіне қойылатын келесі талаптар анықталады: Сабақтың схемасы. Жаңа материалды түсіндіру. I кезең. Өткендіқайталау. Əр түрліқиындықтарға байланысты оқушылардыңөзіндік жұмысы. Бірінші топ: тапсырманы түсінуде, талап ететін өзіндік шығармашыл жұмысты орындайды; 2-ші жəне 3-ші топтардың жұмыстарын бақылайды, қиыншылық туған жағдайда оларға көмекке келеді; 2-ші жəне 3-ші топтар үшінқайталанған материал бойынша қорытынды жеке тапсырмалар жасайды. Екінші топ: өткен сабақта 1-ші топ оқушыларының дайындаған