Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет101/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   189
Өзін-өзі  реттеу  идеясы.  Əдебиет  беттерінде  өзін-өзі  реттеу  мен 
өзін-өзі  тəрбиелеу  бір  мағынаны  білдіреді  деп  түсінушілер  де  бар. 
Шынында, өзін-өзі тəрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді. Ал өзін-өзі 
реттеу дəл мағынасында өзін-өзі тəрбиелеу емес. Өзін-өзі тəрбиелеу 
–  бұл  тұлғаның  өзін-өзі  реттеуде  сыртқы  ортаға,  өз  міндеттеріне 
саналы  қатынасы  жəне  келешегіне  көз  жіберіп,  талаптануының 
негізінде пайда болған қажеттілік. Қажеттіліктің, жауапкершіліктің, 
қызығушылықтың, абыройдың тұлғаның өзін-өзі реттеуі.
Тұтас  педагогикалық  үдерісте  өзін-өзі  реттеудің  мəні  өте  зор. 
Оқытуда  зорлау,  тəрбиеде  бой  ұсыну,  бағыну  сияқты  əрекеттер 
баланы  өзін-өзі  реттеуден  бездіреді.  Барлық  жаңа  əдістеме,  соның 
ішінде өзін-өзі реттеу жұмысына бағытталуы керек. Күнде сабақтан 
кейін  міндетті  түрде  берілетін  үй  жұмысын  оқыту  үдерісінен 
шығарып тастап, В.Шаталов оқушыларға өз күнін, өз жұмысын өзінің 
жағдайына қарап (жұмыс бастылық, шаршау, кездейсоқ оқиғалар, т.б.), 
реттеуге  мүмкіндік  береді,  И.Волковтың  оқушылары  жұмыстарын 
өздері іріктеп таңдап алады. В.Краковский басқаратын 825-ші Мəскеу 
мектебінің  оқушылары  жұмыстарын  өздері  жоспарлайды.  Бұл – 
ынтаны, қабілетті босату, яғни еркін қолдану. Бала тəртіп бұзушы 
емес,  ол  қабілетін  өз  бетінше  іс-əрекетін  орындауға  дайын  тұлға, 
оған толық мүмкіншілік беру керек.
Жаңашыл  ғалым  И.  П.  Ивановтың  əдісі  бойынша  тəрбиенің 
басты  элементі  ұжымда  өзін-өзі  талдау  болады.  Əрбір  жалпы 
іске – өнімді  еңбек  пікірталас,  жарыс,  жорық,  демек,  түрлі  іс-
əрекеттеріне  қатысушылар  ұжымдық  талдау  жасаулары  қажет. 
Оқушыларды ұжымында өзін-өзі таңдауға үйрету зор педагогикалық 
шеберлікті талап етеді. Осыдан ересек адамдар мен балалар арасында 
ынтымақтастық  туады.  Оқушылар  жалпы  іс  үшін  тілектес  болуға, 
оның  барысын  қадағалап  бақылауға  үйренеді,  өздерін  сол  істің 
иесімін деп сезінеді.


150
151
Оқушылар  еңбегін  жалғыз  мұғалім  ғана  емес,  барлық  ұжым 
бағаласа, онда олар өздерін ылайықты ұстап жəне жұмысты жақсы 
істеуге тырысады.
Бала  күнінің  жартысы  оқушының  бірегей  мүмкіншілігінің 
дамуына  көмектеседі.  Күннің  екінші  жартысы  оқушының  бірегей 
мүмкіншілігінің  дамуына  көмектеседі.  Күннің  екінші  жартысы 
оқушының  өз  ынтасымен  орындайтын  түрлі  іс-əрекеттерге  (спорт, 
музыка,  пəн  үйірмелері,  жас  техниктер  жəне  жас  натуралистер 
үйірмелері, өнімді еңбек т.б.) арналады.
Осыған орай, үйге берілетін оқу тапсырмасының көлемін мүлде 
азайту керек. Ол үшін шəкірттердің оқу материалдарын сабақ үстінде 
игеруін мұғалім қамтамасыз етуі тиіс.
Тірек  идеясы.  Əдетте  балаларды  қабілетіне  қарай  үшке  бөліп 
(күшті,  орта,  нашар)  оқыту  мектептерде  орын  алған.  Бұл  бізге 
Америка  мектептерінен  келген  оқытудың  бір  түрі.  Мектеп 
мұғалімдерінің  балаларды  оқыта  білмегендігінен,  оларды 
қабілетіне қарай топқа бөліп (тракинг) оқыту пайда болған. Нашар 
балалармен қосымша сабақтар өткізуде мектеп өмірінде қолданылып 
келді.  Баланы  қабілетіне  қарай  бөліп  оқыту  жəне  қосымша  сабақ 
өткізу  мəселелеріне  жаңашыл  мұғалімдер  қарсы  болып,  қабыл 
алмады.
Тірек идеялары жайлы жаңашыл мұғалімдердің еңбектерін тұтас 
педагогикалық үдерісте тиімді пайдаланудың əдістемелік тəсілдерін 
қарастыру қажет. Жаңа идеялар мектепті демократияландыру жəне 
ізгілендіру жағдайында жүзеге асырылады.
Демократияландыру – бұл  тұлғаның  жан-жақты  дамуының 
мақсаты  мен  құралы,  бұл  мектептің  ведомстволық  мүддеден 
қоғамның  жəне  тұлғаның  мүддесі  мен  мұқтаждығына  қарай 
бетбұруы,  бұл  мектептің  ашықтығы,  оған  қоғамдық  күшті  жəне 
қоғамдық факторларды (мемлекет, қоғам) қатыстыру. Мектеп – бұл 
мемлекеттің,  сондай-ақ  қоғамның  жəне  тұлғаның  білім  жайындағы 
түсінігін қанағаттандыратын қоғамдық-мемлекеттік танылған жүйе.
Ізгілендіру – бұл  баланың  жеке  басын  сыйлау.  Педагогикалық 
үдерістің барлық дəрежесінде ең бастысы адамның өзі болуы тиіс. 
Сондықтан тұлғаны тəрбиелеу, оның бабын табу мектеп жұмысының 
негізгі  мақсаты  болуы  тиіс.  Ізгілендіру – бұл  мектептің  баланы 
өмірге дайындауда тек қана бағдар беруі емес, ол əрбір жас сатысында 
-  балалық  шақта,  жеткіншектік  шақта  жəне  жасөспірімдік  шақта 
баланың бүгінгі өмірінің толық құнды болуын қамтамасыз ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет