Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 Білім беруді ізгілендіру технологиясы



Pdf көрінісі
бет103/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   189
10.3. Білім беруді ізгілендіру технологиясы 
(Ш. А. Амонашвили бойынша)
  Ресейдің  білім  беру  академиясының  академигі  Шалва 
Александрович  Амонашвили  өзінің  эксперименттік  мектебінде 


152
153
ынтымақтастық  педагогикасын  əзірлеп,  жүзеге  асырды. «Мектеп 
өмірі»  технологиясы  оның  педагогикалық  іс-əрекетінің  өзіндік 
қорытындысы болып табылады.
Ш.А.Амонашвили технологиясының мақсаттық бағыттары: 
-  Баланың    тұлғалық  қасиеттерін  ашу  арқылы  бекзат  адам 
тəрбиелеу жəне дамыту, қалыптасуына ықпал ету.
-  Бала жүрегі мен жан дүниесін ақ пейілдендіру.
-  Баланың танымдық күшін дамыту жəне қалыптастыру.
-  Терең  жəне  толық  көлемді  білім  алып,  дағдыларды  қалып-
тастыру үшін жағдай туғызу.
-  Тəрбие идеалы – өзін-өзі тəрбиелеу.
Ерекшеліктері:
ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады;
бала психикасы дамуға, есеюге жəне еркіндікке құштарлығын 
қалыптастыру;
əсемдікті, əдемілікті сезіну, қабылдау;
рухани жетілдіру;
ізгілікті, жеке қарым-қатынас жасау;
ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
оқыту мен тəрбиелеудің бірлігі.
Бастауыш  мектептегі  ынтымақтастық  педагогикасының  жеке 
тұлғалық  тұрғысынан  қарау  ережелері,  баланың  өмірде  құбылыс 
ретінде қызмет ететін өз жолының болуы, бала табиғат пен ғаламның 
жоғары шығармашылығы болғандықтан, шексіздік пен мықтылықты 
көрсететіндігі, баланың дамуға, үлкеюге, бостандыққа деген ынтасы 
– осының барлығы негізгі концептуалдық ережесі болып табылады.
Бастауыш  сынып  оқушыларының  танымдық  оқу,  жазу  мен 
ауызша сөйлеу іс-əрекеттері, жоғарғы   математикалық ұғымдарды 
түсініп, оны өмірде қолдана білу, кез келген іс-əрекетті жоспарлау, 
батылдық  жəне  шыдамдылық,  ана  тілімен  қатар  шетел  тілдерін 
меңгеру,  рухани  байлық,  табиғатты  аялай  білу  сияқты  білім,  білік, 
дағдыларын қалыптастыру үшін арнайы əдіс-тəсілдер керек. Ондай 
əдіс-тəсілдерге  ізгілік,  даралай  оқыту  бағыты,  қарым-қатынас 
шеберлігі,  оқу  іс-əрекеті,  жанұялық  педагогика  қоры  жатады. 
Таратып айтатын болсақ, бала бақыты, таңдау бостандығы, танып-
білу  қуанышы,  балаларға  деген  махаббат  сезімі;  жеке  тұлғаны 
жəне  өзін  танып-білу,  қабілеттерді  дамыту,  табыс  педагогикасы; 
өзара  қарым-қатынас  жасау  тəртібі,  жариялылық;  квазиоқу  жəне 
квазижазу,  оқу  жəне  жазу  үдерісінің  материалдануы,  балалардың 
əдеби шығармашылығы; жанұядағы салт-дəстүр, геронтология, ата-
аналар сенбіліктері.
Ш.А.Амонашвилидің технологиясында негізгі орынды баланың 
іс-əрекетін бағалау алады. Бағаны қолдану шектеулі, сандық бағалау 
орнына сапалық бағалау қолданылады, демек мінездеме, қорытынды 
пакет, өздік талдау жасауға, өзін-өзі бағалауға машықтандыру.
Ізгілендіру технологиясындағы жұмыс түрлерін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет