Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


Өзін-өзі  құрметтеу  идеясы



Pdf көрінісі
бет100/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   189
Өзін-өзі  құрметтеу  идеясы.  Осы  уақытқа  дейін  оқушының 
сабаққа, тəртіпке, жолдастарына, үлкен кісілерге қатынасы жайлы 
көбірек  назар  аударылды.  Демек,  оқушының  мұндай  көзқарасы, 
қатынасы мұғалім жəне мектеп жұмысындағы тəртіпке байланысты 
деп айтушылар да болды. Енді бұдан былай балаға көмектесу, дұрыс 
педагогикалық  назар  аудару,  əсіресе  бала  өзіне-өзі  көңіл  аударуы 
қажет.  Атап  айтқанда,  баланың  өзін-өзі  құрметтемеуі  тұлғаның  өз 
құнын  кемітуі – бұл  маскүнемдікке,  нашақорлыққа  салынуының, 
қылмысқа  ілінуінің негізгі себептерінің бірі. Жас жігіт өзінше қоғам-
нан жəне қалыптаспаған тағдырдан кек алғысы келеді. Оған ешқашан 
жазалау, қауіп немесе дəлел əсер етпейді, өйткені болашағым жоқ деп 
қарайды, өзін-өзі құрметтемейді.
Осы  сияқты  мұғалім  де  өзін-өзі  құрметтемейді.  Өйткені  ол 
өзінің  шығармашылық  мүмкіншілігін  ескермейді,  жеңіл-желпі 
жетістіктермен қанағаттанады, тəртібі нашарлаған мектепте өзінің 
құқын қорғамайды, көнбістікке салынады.
Мұғалімнің  де  жəне  баланың  да  беделі,  іс-əрекеттеріндегі 
жетістіктерді  экспериментшіл-мұғалімдердің  жаңа  идеяларына, 
соның ішінде өзін-өзі құрметтеу идеясына байланысты.
Баланың  абыройы,  мұғалімнің  абыройы – бұл  сөзсіз  тұлғаны 
демократияландырудың құрамды бөлігі. Баланы құрметтеумен бірге 
өзін-өзі  құрметтей  білуге  үйрету – сонда  ғана  ол  басқаларды  да 
құрметтей біледі. Үлкен адамдарға құрметтеу идеясы сөзбен немесе 
үндеу арқылы құрметтеу емес, тек баланың абыройын шын құрмет 
ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет