Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет99/189
Дата07.01.2022
өлшемі1,53 Mb.
#20020
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   189
Мұғалімдердің 
ынтымақтастығы. 
Экспериментшіл 
мұғалімдердің  əрқайсысының  педагогикалық  еңбек  өтілі 25-тен 
40  жылға  дейін.  Олар  əр  түрлі  мектеп  ұжымдарында  балалармен 
жұмыс істеген, талай мұғалімдер жəне директорлармен істес болған. 
Жаңашыл  мұғалімдер,  мүмкін  ынтымақтастық  педагогика  өте 
күрделі, оны оқыту жəне тəрбиесінде қолдануға болмайтын шығар 
дейді. Шынында, олардың  тəжірибесі бойынша кез келген мұғалім-
нің  ынтымақтастық  педагогиканың  принциптерін  іске  асыруы 
мүмкін, бірақ бір айдың немесе бір тоқсанның ішінде жүзеге асыруы 
мүмкін емес. Əрине, егер кімде-кім жаңа педагогиканы ақылға салып 
ойластырса,  ол  өз  жұмысының  жақсара  бастағанын  байқайды. 
Өйткені ынтымақтастық педагогика үшін айрықша жағдайдың керегі 
жоқ,  əдеттегі  оқу  бағдарламасы  жəне  оқулықтар  бойынша  əрбір 
мұғалім  өзінің  сыныбында,  əрбір  директор  өзінің  мектебінде  қайта 
құру кезеңінде мəселелерді тың зерттеумен айналысады. 
Жаңа педагогиканың идеяларын кең түрде тарату керек. Сыныпта 
балаларды  бір-біріне  қарсы  қоюға  болмайды,  сол  сияқты  мұндай 
жағдайды мұғалімдер арасына да болдырмау керек.
Сонымен,  осы  идеяларды  іске  асыру  үшін:  біріншіден,  оқу 
жəне  тəрбие  əдістерін  жаңарту,  екіншіден,  балалармен  қатынасты 
жаңарту; үшіншіден, мұғалімнің өзін-өзі жаңартуы; төртіншіден, 
оқушылармен жəне өзара ынтымақтасу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет