Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар



Pdf көрінісі
бет102/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   481
Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар



Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Бюджеттік 



бағдарламалар 

əкімшісінің  қарыздар 

беруі 

1110 Қысқа мерзімді 

берілген қарыздар, 



2120 Ұзақ мерзімді 

қаржы инвестициялары



1080 Республикалық  

(1090 Жергілікті) 

бюджеттен 

қаржыландырылатын 

мемлекеттік мекеменің 

міндеттемелері бойынша 

жеке қаржыландыру 

жоспарына сəйкес 

міндеттемелерін 

қабылдауға 

арналған жоспарлы 

тағайындаулары

2

Берілген қарыздар 



бойынша сыйақылар 

есептеу


1250 Алынуға тиісті 

қысқа мерзімді 

сыйақылар

6210 Сыйақылар 

бойынша кірістер

Бюджетке тиесілі 

сыйақылар сомасына 

бір уақытта екінші 

жазу беру



7120 Бюджетке 

төленетін төлем 

бойынша шығыстар

3133 Өзге операциялар 

бойынша бюджет 

алдындағы қысқа 

мерзімді кредиторлық 

берешек



116

5.6-кестенің жалғасы

3

Бюджетке сыйақылар 



бойынша кірістердің 

түсуі


3133 Өзге операциялар 

бойынша бюджет 

алдындағы қысқа 

мерзімді кредиторлық 

берешек

1250 Алынуға тиісті 

қысқа мерзімді 

сыйақылар

4

Қарыздың негізгі 



сомасының 

қайтарылуы



1080.1090 

Республикалық  

(Жергілікті) бюджеттен 

қаржыландырылатын 

мемлекеттік мекеменің 

міндеттемелері 

бойынша жеке 

қаржыландыру 

жоспарына сəйкес 

міндеттемелерін 

қабылдауға 

арналған жоспарлы 

тағайындаулары

1110 Қысқа мерзімді 

берілген қарыздар

Бастапқы  танылған  соң  берілген  қарыздар  амортизацияланған  құны  бо-

йынша, тиімді пайыздық ставка əдісін қолдана отырып есепке алынады (осы 

кітаптың  «Дисконттау  қағидаттары»  бөлімі).  Тиімді  пайыздық  ставка  қарыз 

беру  сəтінде  есептеледі  жəне  бюджет  кірісі  болып  табылатын  сыйақыларды 

есепке алуға əр кезең үшін  оның алғашқы баланстық құнына қолданылады. 

Өтеудің  тұрақты  мерзімі  жоқ  жəне  нарықтық  ставкаларға  негізделген  не 

ауыспалы,  не  тұрақты  пайыз  ставкасын  қарастыратын  берілген  қарыздарды 

нақты құн бойынша бағалаған жөн.

Берілген қарыздар бойынша негізгі қарыз сомасын өтеу 3133 «Өзге опера-

циялар  бойынша  бюджет  алдындағы  қысқа  мерзімді  кредиторлық  берешек» 

қосалқы шотының дебеті жəне 1110 «Қысқа мерзімді берілген қарыздар», 2110 

«Ұзақ мерзімді берілген қарыздар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі. 

Егер тиісті  соманы төлеу, тіпті  кейінге қалдырылса да, сыйақылар бойын-

ша кірістер өздері туындаған кезеңде танылады. 

Бюджеттік  бағдарламалар  əкімшісі  əрбір  есепті  күндегі    жағдай  бойын-

ша  берілген  қарыздардың  құнсыздануының  объективті  белгілерінің  болуын 

бағалайды.

Қарыздардың құнсыздануының объективті белгілері болған кезде шығын 

шамасы  активтің  баланстық  құны  мен  осы  берілген  қарыздың  пайызының 

тиімді ставкасына (яғни, алғаш танылған кезде есептелген пайыздың ставка-

сы) шығыс бойынша есептелген ақшалай қаражаттың (əлі шегілмеген болашақ 

кредиттік  шығындарды  есептемегенде)  болашақ  күтілетін  ағымдарының 




117

дисконтталған  құны  арасындағы  айырма  ретінде  анықталады.  Берілген 

қарыздардың құнсыздануы мынадай жазбамен көрсетіледі: 7440 «Активтердің 

құнсыздануынан  түсетін  шығыстар»  шотының  дебеті  жəне 1130 «Қысқа 

мерзімді  қаржы  инвестицияларының  құнсыздануына  арналған  резерв»  жəне 

2130 «Ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының құнсыздануына арналған ре-

зерв» шотының кредиті [5.7-кесте].

5.7-кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет