162
арналған жоспарлы тағайындаулар» шоты қосалқы шотының кредиті бойын-
ша көрсетіледі.
Мемлекеттік мекемені қаржыландырудың бекітілген жоспарынан тыс
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу 3273 «Өзге
қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» қосалқы шотында ескеріледі. Егер
мемлекеттік мекеменің қаржыландырудың бекітілген жоспарынан тыс алған
тауарлары үшін өнім беруші құжаттар ұсынса, алайда өнім берушіге тауар-
ларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) қайтару мүмкін болмаса,
онда 3273 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» қосалқы шотының
кредитіне жəне Шоттар жоспарының тиісті қосалқы шотының дебетіне жазба
жүргізіледі.
Республикалық жəне жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен тауарлар-
ды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға азаматтық-құқықтық
мəмілелер жасайтын мемлекеттік мекемелер оларды аумақтық қазынашылық
бөлімшелерінде тіркейді.
Мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен мемлекеттік мекемелер жа-
сайтын, бірақ аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркеуден өтпеген
шарттар бюджеттік қаржы бөлумен қамтамасыз етілмейді жəне жасалмаған
деп есептеледі.
Мемлекеттік мекемелер жоспарлы тағайындаулар немесе қабылданған
міндеттемелер көлемінен тыс қарызға сатып алған тауарлар (жұмыстар,
көрсетілетін қызметтер) бюджеттік ақша қаражаты есебінен төлеуге жатпайды.
Қаржыландырудың бекітілген жоспарынан тыс сатып алынған тауарлардың
(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) құнына төлеуге берілетін құжаттар
(шоттар, орындалған жұмыстар актілері) жəне сатып алынған тауарлар
өнім берушіге қайтарылуы тиіс, ал тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін
қызметтерді) қайтару мүмкін болмаған жағдайда, өнім берушіге берешек
мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебінде көрсетіледі.
Кредиторлармен есеп айырысуды түгендеу нəтижелері бойынша өндіріп
алу үшін мүмкін емес мынадай:
Кредиторлық берешек:
– кредитор таратылған жағдайда;
– кредитор қарызды кешкен жағдайда, егер борыштан босату туралы
шешімді кредит беруші мүлкінің меншік иесі немесе ол уəкілеттік берген
тұлға қабылдаса;
– мемлекеттік мекемеден өндіріп алуға сот бас тартса, оның ішінде талап
ету уақытының өтіп кету себебінен есептен шығаруға жатады.
Мемлекеттік мекеменің басшысы есеп айырысуларды түгендеу актісін
(онда басшының бұйрығына сəйкес комиссия құрамы, кредиторлардың атауы,
берешектің сомасы, пайда болуының уақыты мен себебі көрсетіледі), сондай-
ақ түгендеу комиссиясы хаттамасының негізінде бұл туралы 10 күн мерзімде
163
бюджеттік бағдарламалар əкімшісіне хабарлай отырып, дебиторлық жəне
кредиторлық берешекті есептен шығару туралы шешім қабылдайды.
Үмітсіз кредиторлық берешекті есептен шығару (бұған объективті жағдай-
лар болған кезде) мынадай тізбекпен көрсетіледі: кредиторлық берешектің
тиісті қосалқы шотының дебеті жəне 6360 «Өзге кірістер» шотының кредиті.
Есепті кезеңнің аяғына өтелмеген, шетел валютасында берілген жəне
ақша қаражатымен алуға/өтеуге жататын кредиторлық берешек валюта
айырбастаудың түпкілікті бағамы бойынша шетел валютасын қайта есептеу
жолымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: