Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек



Pdf көрінісі
бет145/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек



Операция 

мазмұны

Дт

Кт

1

Ұзақ мерзімді 



активтерді 

сатудан алынған 

кіріс бойынша 

міндеттемелерді 

есепке алу

7120 Бюджетке төленетін 

төлем бойынша шығыстар



3131 Активтерді сатудан 

түсетін кіріс бойынша 

бюджет алдындағы қысқа 

мерзімді кредиторлық 

берешек



156

7.4-кестенің жалғасы

2

Тауарларды 



(жұмыстарды, 

қызметтерді) 

өткізуден алынған 

кіріс бойынша 

міндеттемелерді 

есепке алу



7120 Бюджетке төленетін 

төлем бойынша шығыстар



3132  Тауарларды 

(жұмыстар мен 

көрсетілген қызметтер) 

өткізуден  түсетін  кіріс 

бойынша бюджет 

алдындағы қысқа 

мерзімді кредиторлық 

берешек


3

Өзге 


операциялардан 

алынған кіріс 

бойынша 

міндеттемелерді 

есепке алу

7120 Бюджетке төленетін 

төлем бойынша шығыстар



3133 Өзге операциялар 

бойынша бюджет 

алдындағы қысқа 

мерзімді кредиторлық 

берешек

4

Бюджет алдындағы 



берешекті өтеу

3131 Активтерді сатудан  

түсетін  кіріс бойынша 

бюджет алдындағы қысқа 

мерзімді кредиторлық 

берешек

3132  Тауарларды 

(жұмыстар мен көрсетілген 

қызметтер) өткізуден  

түсетін  кіріс бойынша 

бюджет алдындағы қысқа 

мерзімді кредиторлық 

берешек

3133 Өзге операциялар 

бойынша бюджет 

алдындағы қысқа мерзімді 

кредиторлық берешек



1010 Кассадағы ақша 

қаражаты


1042 Ақылы қызметтер 

ҚБШ


1231  Сатып алушылар 

мен тапсырыс 

берушілердің қысқа 

мерзімді дебиторлық 

берешегі  

1232 Арнайы төлем 

түрлері бойынша қысқа 

мерзімді дебиторлық 

берешек


Анықталған  жетіспеушіліктер  мен  жымқырулар  тексеру  немесе 

тексеріс  актісінде  көрсетілген  сомада  кінəлі  тұлғаларға  жатқызылады  жəне 

жетіспеушіліктер  мен  жымқырулар  анықталған  соң 5 күнтізбелік  күн  ішінде 

материалдар  азаматтық  шағым  ұсыну  үшін  тергеу  органдарына  тапсыры-

луы  тиіс.  Сот  шешімін  алу  кезінде  кінəлі  тұлғаларға  жатқызылған  сома  сот 

органының атқару парағына сəйкес нақтылануы тиіс.

Келтірілген  жетіспеушіліктер  мен  жымқырулардың  зияны  мөлшерін 

анықтау  кезінде    зиянды  анықтаған  күндегі  материалдық  құндылықтардың 

құнына сүйенген жөн.



157

Түгендеу  барысында  анықталған  ұзақ  мерзімді  активтердің,  қорлардың 

жəне басқа активтердің жетіспеушілігі кінəлі тұлғалар есебінен өтеледі жəне 

есепке алуда корреспонденциялармен көрсетіледі:

 

– осы мемлекеттік мекеменің қызметкерлері жол берген жетіспеушіліктерді 



анықтаған  кезде 1262 «Қызметкерлердің  өзге  есеп  айырысу  түрлері  бойын-

ша  қысқа  мерзімді  дебиторлық  берешегі»  қосалқы  шотының  дебеті  неме-

се  өзге  тұлғалар  жол  берген  жетіспеушіліктерді  анықтаған  кезде 1280 «Өзге 

қысқа  мерзімді  дебиторлық  берешектер»  шотының  дебеті, 1300 «Қорлар» 

шоты  қосалқы  шоттарының  немесе 2300 «Негізгі  құралдар»  шоты  қосалқы 

шоттарының кредиті;

 

– кінəлі  тұлға  есебінен  жетіспеушілікті  есептен  шығару: 1262 



«Қызметкерлердің  өзге  есеп  айырысу  түрлері  бойынша  қысқа  мерзімді 

дебиторлық  берешегі»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 6330 «Өтеусіз  түрде 

алынған активтерден алынатын кірістер» шотының кредиті жəне бір мезгілде: 

7120 «Бюджетке  төленетін  төлем  бойынша  шығыстар»  шотының  дебеті 

жəне 3133 «Өзге  операциялар  бойынша  бюджет  алдындағы  қысқа  мерзімді 

кредиторлық берешек» қосалқы шотының кредиті.

Мемлекеттік мекеме арқылы бюджет кірісіне ақша қаражатының түсуі:

 

– 1010 «Кассадағы  ақша  қаражаты»  шотының  дебеті  жəне 1262 



«Қызметкерлердің  өзге  есеп  айырысу  түрлері  бойынша  қысқа  мерзімді 

дебиторлық  берешегі»  қосалқы  шотының  кредиті,  бір  мезгілде: 3133 «Өзге 

операциялар  бойынша  бюджет  алдындағы  қысқа  мерзімді  кредиторлық  бе-

решек»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 1010 «Кассадағы  ақша  қаражаты» 

шотының кредиті;

 

– бюджет  кірісіне  ақша  қаражатының  түсуі: 3133 «Өзге  операциялар  бо-



йынша  бюджет  алдындағы  қысқа  мерзімді  кредиторлық  берешек»  қосалқы 

шотының дебеті жəне 1262 «Қызметкерлердің өзге есеп айырысу түрлері бо-

йынша қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» қосалқы шотының кредиті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет