Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАҚЫРЫП  ҚОРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ТƏРТІБІ



Pdf көрінісі
бет175/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

9-ТАҚЫРЫП 

ҚОРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ТƏРТІБІ

Жоспар

9.1 Қорларды бастапқы тану жəне олардың есебін ұйымдастыру 

9.2 Қорлардың бастапқы бағалануы жəне есебі.

9.3 Қорлардың кейінгі есебі жəне бағалануы 

9.4 Қорлардың есептен шығарылуы 

9.5 Қорлардың қаржылық есептілікте ашылуы

9.6 Қорлар бойынша жасалған операцияларды құжаттау

Осы тақырыпта мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Қорлар, активтің құнсыздануынан болатын шығын, əділ құн, таза сатыла-

тын құн.

9.1 Қорларды бастапқы тану жəне олардың есебін ұйымдастыру 

Қорлар  құрылыс  материалдарын,  оқу,  ғылыми  зерттеулер  жəне  басқа 

мақсаттар үшін материалдарды, дəрі-дəрмектер мен байлау құралдарын, тамақ 

өнімдерін, отын жəне жағу, шаруашылық материалдары мен кеңсе құралдарын, 

арнайы  киім-кешекті  жəне  басқа  жеке  пайдаланудағы  құралдарды,  қосалқы 

бөлшектерді,  аяқталмаған  өндірісті,  дайын  өнімді,  тауарларды,  жолдағы 

қорларды қамтиды.

Қорларды  есепке  алу  материалдардың  атауы  мен  жауапты  тұлғалар  бо-

йынша  сандық  жəне  сома  түрінде  жүргізіледі.  Қорларды  есепке  алудың 

негізгі  міндеттері  барлық  материалдық  құндылықтардың  дұрыс  қолданылуы 

мен  қозғалысын  бақылау  жəне  сақталуын  қамтамасыз  ету;  қорлар  мен 

шығыстардың  белгіленген  нормаларын  сақтау,  белгіленген  тəртіппен  сатуға 

жататын,  қолданылмайтын  материалдарды  уақытылы  анықтау;  мемлекеттік 

мекемелердің қоймасындағы қалдықтар туралы нақты мəліметтерді алу болып 

табылады.

Бухгалтерлік қызмет жүйелі түрде қоймадағы материалдық құндылықтар-

дың түсімі мен жұмсалуына бақылауды жүргізеді, сондай-ақ қоймада (қамбада) 

жүргізілген жазбалармен материалдарды есепке алу жөніндегі өз жазбалары-

мен салыстырады.

Мемлекеттік  мекеменің  қорларын  есепке  алу  үшін  мынадай  шоттар 

арналған:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет