2.2 Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін жасаудың
принциптері мен негізгі сапалық сипаттамасы
Есептеу жəне қызметтің үздіксіздігі бухгалтерлік есепті жүргізу мен
қаржы есептілігін жасаудың принциптері болып табылады.
Есептеу принципі төлем уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі
бойынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі. Ұйымда
күнделікті жұмыс істеліп, қызмет атқарылып отыратындығы белгілі. Осы
орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтердің, яғни операциялардың
орындалуы ұйымның бухгалтерлік балансының баптарына тікелей əсер етеді.
Нақтырақ айтатын болсақ, ұйымдағы əрбір орындалатын операцияға сəйкес
баланс өзгеріске ұшырап отырады. Бірақ, бухгалтерлік баланстың актив жəне
пассив баптарының теңдігі əрдайым сақталады. Сонымен қатар ұйымда əрбір
орындалған операциядан кейін жаңадан баланс құрастырылмайтындығы
белгілі жəне ол мүмкін емес. Себебі, ұйымда бір күннің өзінде бірнеше
жүздеген операциялардың орындалуы мүмкін. Тіпті əрбір операция түгіл,
күн сайын кəсіпорынның бухгалтерлік балансын жасап тұру үлкен күшті,
көп уақытты қажет етеді. Сонымен қатар балансты күнделікті немесе əрбір
орындалған операциядан кейін жасап отыру тиімсіз жəне қажет те емес. Міне
осы себептен ұйымның бухгалтерлік балансы белгілі бір уақытқа, яғни есеп
беретін кезеңге қарай (ай сайын, тоқсан сайын, жыл сайын) есептеу принципі
негізінде жасалып отырады.
Қызметтің үздіксіздік принципі мемлекеттік мекеме көз жетерлік болашақта
жұмыс істеуге ниеті бар екенін, қызмет ауқымын тарату немесе елеулі
қысқарту қажеттігі болмайтындығын білдіреді. Уақыт пен кезеңдер өзгерген
сайын шаруашылық фактілері немесе ұйымдардың шаруашылық жүргізудегі
тəртібі, өнімдер өндіру, айырбас саудаға түсу, материалдар мен тауарлар пай-
далану, аралық қатынастарға түсуші жақтармен сенімді жұмыстар атқару
жиі-жиі өзгеріп отырады. Сондықтан да əрбір шаруашылық фактілерін, есеп
ақпараттарын тұрақты түрде тексеріп, ұдайы экономикалық көрсеткіштермен
салыстырып отыру талабы үздiксiздiкпринципінен туындайды.
Түсініктілік, орындылық, сенімділік жəне салыстыруға келетіндік қаржы
есептілігінің негізгі сапалы сипаттамасы болып табылады.
Түсініктілік – қаржы есептілігінде ұсынылатын ақпарат пайдаланушыларға
түсінікті болуы тиіс. Қаржылық есептерде берілетін ақпарат бизнес,
экономикалық қызмет пен бухгалтерлік есеп туралы жеткілікті білімі бар жəне
ақпаратты тиесілі ынтазарлықпен зерделеуге ниет білдірген пайдаланушыларға
түсінікті болатындай етіп ұсынылуға тиіс. Кейбір пайдаланушылардың
қабылдауы үшін оның аса қиындығы тұрғысынан орынды ақпаратты
қамтымауы үшін сылтау болмауға тиіс.
Орындылық – шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін ақпарат орын-
ды жəне оларға оқиғаны бағалауға көмектесуі, олардың өткен бағалауларын
25
растайтын немесе түзететін болуы тиіс. Қаржылық есептіліктерде берілетін
ақпарат шешімдер қабылдау кезінде пайдаланушылардың қажеттіліктерін еске-
ре отырып, орынды болуға тиіс. Ақпарат пайдаланушылардың экономикалық
шешімдеріне оларға өткен, қазіргі немесе болашақ оқиғаларды бағалауға
көмектесе отырып əсер еткен жағдайда орындылық сапасына ие болады.
Сенімділік – пайдаланушылар ақпаратты ақиқат сияқты қабылданғанда
елеулі қателер мен бұрмалаулардың болмауы. Ақпарат онда елеулі қателер
болмаса, ол бір жақты болып табылмаса; жəне ақылға қонымды күтулерге
сəйкес білдіру немесе білдіруі мүмкін мақсатты дұрыс білдірсе сенімді болып
табылады. Қаржылық есептер осындай есептердегі ақпаратты іріктеу немесе
ұсыну шешім қабылдауға əсер етуді көрсетуге немесе жоспарланған нəтижеге
немесе салдарға қол жеткізу мақсатында пікір қалыптастыруға бағытталғанда
біржақтылықты қамтитын болады.
Салыстыруға келетіндік – əр кезеңде жəне əртүрлі мемлекеттік мекеме-
лерде ақпаратты салыстыру мүмкіндігінің болуы. Біркелкі операциялардың
қаржылық нəтижелері барлық мемлекеттік мекемелерге бір болып табы-
лады əдіснама бойынша есептеледі. Пайдаланушылар, сол сияқты əр түрлі
субъектілердің қаржылық есептіліктерін олардың салыстырмалы қаржылық
жағдайын, қызмет нəтижелері мен ақша қаражатының қозғалысын бағалау
үшін салыстыру мүмкіндігін иеленуге тиіс. Осылайша, ұқсас операциялардың
қаржылық нəтижелері мен басқа операцияларды əрі жағдайларды өлшеу жəне
көрсету барлық субъект үшін оның жұмыс істеу кезеңінде кезекпен жəне əр
түрлі субъектілер үшін кезекпен жүзеге асырылуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |