Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Қаржылық есептілік элементтері мен оларды тану



Pdf көрінісі
бет20/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   481
2.3 Қаржылық есептілік элементтері мен оларды тану

Активтер,  міндеттемелер  жəне  таза  активтер/капитал  қаржы  жағдайын 

бағалауға байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады. 

Активтерге  өткен  оқиғалар  нəтижесінде  мемлекеттік  мекеменің 

бақылауындағы  ресурстар жатқызылады, олардан  болашақта экономикалық 

пайда немесе сервистік əлеует күтіледі. 

Мемлекеттік мекеменің реттелуі экономикалық пайданы немесе сервистік 

əлеуетті  қамтитын  ресурстардың  шығып  қалуына  əкеп  соқтыратын  өткен 

оқиғалардан туындайтын елеулі міндеті міндеттеме болып табылады.

Барлық  міндеттемелерді  алып  тастағаннан  кейін  қалатын  активтердегі  

үлес таза активтер/капитал болып табылады. 

Кірістер мен шығыстар қаржы қызметінің қорытындылары туралы есепте 

қызмет нəтижелерінің өлшемдеріне тікелей байланысты элементтері болып та-

былады.


Активтердің  қосылуы  немесе  өсімі  нысанында  есепті  кезең  ішінде 

экономикалық  пайданың  немесе  сервистік  əлеуеттің  өсуі  немесе  капиталға 




26

қатысатын  тұлғалардың  жарналарына  байланысты  өсуден  өзгеше  таза 

активтердің/капиталдың өсуіне əкеп соғатын міндеттемелердің азаюы кірістер 

болып табылады.

Активтердің азаюы немесе кетуі түрінде есепті кезең ішінде экономикалық 

пайданың  немесе  сервистік  əлеуеттің  азаюы  немесе  капиталға  қатысатын 

тұлғалардың арасында бөлінуге байланысты азаюдан өзгеше таза активтердің/

капиталдың азаюына əкелетін міндеттемелердің пайда болуы шығыстар болып 

табылады.

Қаржы есептілігі элементтерінің анықтамасына жауап беретін бап мынаны, 

егер:

1) бапқа  байланысты  кез  келген  болашақтағы  экономикалық  пайда  неме-



се сервистік əлеует мемлекеттік мекемемен алынады немесе жұмсалады деген 

ықтималдық болса;

2) нысанның құны немесе нысанды сатып алуға нақты шығындар сенімді 

түрде өлшене алатын болса танылуы тиіс.

Актив келесі кез келген критерийлерге сəйкес келген жағдайда айналымды 

ретінде жіктеледі:

1) оның өткізілуі, сатылуы немесе тұтынылуы болжанады;

2) ол негізінен сауда мақсатына арналған;

3) есепті күннен кейінгі 12 ай ішінде оны сату болжанады;

4) есепті  күннен  кейінгі  ең болмағанда 12 айға оны айырбастауға немесе 

міндеттеме бойынша есептеу үшін қолдануға тыйым салынбаса, бұл ақшалай 

қаражаттар немесе ақша баламалары.

Өзге активтер ұзақ мерзімді ретінде жіктеледі.

Міндеттеме мына критерийлердің кез келгенін қанағаттандырғанда, қысқа 

мерзімді ретінде:

1) оны өтеу қалыпты операциялық цикл шегінде жүргізу болжанған болса;

2) ол негізінен сауда мақсатына арналған болса;

3) ол есеп мерзімінен кейін 12 ай ішінде өтелуі тиіс болса; 

4)  мемлекеттік  мекеме  есепті  күннен  кейінгі  ең  болмағанда, 12 айға 

міндеттемені өтеуді кейінге қалдырудың шартсыз құқығына ие болса жіктеледі.

Өзге активтер ұзақ мерзімді ретінде жіктеледі.

Есепті жылдың соңында ұзақ мерзімді берешек ұзақ мерзімді берешектің 

қысқа мерзімді (ағымдағы) бөлігін бөліп шығару мақсатымен қайта қаралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет