Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Негізгі құралдарды тану жəне олардың есебін ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет199/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   481
10.1 Негізгі құралдарды тану жəне олардың есебін ұйымдастыру.

Негiзгi  құралдар – өндiрiсте  қолдану  немесе  тауарларды,  қызмет-тердi 

жеткізу, басқа тұлғаларға жалға беру үшін немесе жеке қажеттілік ұсталатын 

жəне бiр жылдан астам уақыт ішінде қолданылатын материалды нысандар.

Мемлекеттiк  мекеме  осы  бөлiмнiң  талаптарын  негiзгi  құралдарға,  оның 

ішінде:


•  мəдени  мұра  активтеріне;  арнайы  əскери  жабдыққа;  инфрақұрылым 

активтерiне;

•  жылжымайтын  мүлiктерге,  ғимараттарға  жəне  ауылшаруашылық 

қызметіне қатысы бар биологиялық активтерді дамытуға немесе қамтамасыз 

етуге пайдаланылатын  жабдықтарға жəне минералды ресурстарды, мұнайды, 

табиғи  газды  жəне  ұқсас  қалпына  келтiрiлмейтiн  табиғи  қорларды  əзірлеуге 

құқықтарға;

•  инвестициялық  жылжымайтын  мүлiк  ретiнде  келешекте  қолдануға  са-

лынып  немесе  қайта  жаңартылатын,  бірақ  «инвестициялық  жылжымайтын 

мүлiк» анықтамасына жауап бермейтін жылжымайтын мүлiкке;

•  ересек жұмысқа жарамды малға;

•  мемлекеттiк  мекеме  бір  кезеңнен  астам  уақыт  ішінде  қолдануды 

жоспарлаған қосалқы бөлшектерге жəне резервтік жабдыққа, сондай-ақ егер 

қосалқы бөлшектер мен көмекші жабдықтар тек негiзгi құралдардың нысанда-

рына байланысты қолданылса.

Негізгі құралдар ретінде мемлекеттік мекеме үшін оларды қолдану тікелей 

экономикалық пайда əкелмейтін, бірақ басқа нысандарды (қоршаған ортаның 



221

қауіпсіздігі  мен  қорғауын  қамтамасыз  ету  үшін  сатып  алынатын  негізгі 

құралдар) қолданудан пайда алу үшін қажет нысандар танылады.

Резервтік жабдықтаудың бір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылатыны 

күтілетін  қосалқы  бөлшектері,  сондай-ақ  тек  негiзгi  қаражаттардың  нысан-

дарына  байланысты  қолданыла  алатын  қосалқы  бөлшектер  мен  көмекші 

жабдықтаулар негізгі құралдар ретінде танылады жəне ескеріледі.

Инфрақұрылымдық  активтер  төмендегі  сипаттамалардың  біреуі  немесе 

бірнешеуі болған кезде негізгі құралдардың нысандары ретінде танылады:

•  жүйенің немесе желінің бөлігі болып табылады;

•  арнайы сипаты бар жəне баламалы қолданысы жоқ;

•  жылжымайтын болып табылады; сатуға белгіленген шектеулер болады.

Жолдардың  желілері,  кəріздеу  жүйелері,  су  жəне  электржабдықтаулар 

жүйелері жəне коммуникация желілері инфрақұрылымдық активтер болып та-

былады.

Экономикалық  пайданы  тура  көбейтпейтін,  бірақ  мұндай  пайданы 

негізгі құралдардың басқа объектілерінен алу үшін қажет қоршаған ортаның 

қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін активтер негізгі құралдардың 

нысандары ретінде танылады. 

Жылжымайтын  мүлiк  ретiнде  келешекте  қолдануға  қайта  жаңартылатын 

инвестициялық  жылжымайтын  мүлiкті  есепке  алу  үшін  қолданылады. 

Құрылыс  жұмыстары  немесе  қайта  жаңарту  аяқталған  сəтте  жылжымайтын 

мүлiк  инвестициялық  жылжымайтын  мүлiк  болады  жəне  мемлекеттік  ме-

кеме  «Инвестициялық  жылжымайтын  мүлiкті  есепке  алу  тəртібі»  бөлімінің 

ережелерін қолданады.

Негізгі  құралдардың  бухгалтерлік  есебі  дұрыс  құжатты  ресімдеуді  жəне 

мемлекеттік  мекеме  ішінде  олардың  ауысуының  түсімі  мен  шығуын  есепке 

алу тіркелімдерінде уақытылы көрсетуді, сондай-ақ əрбір объектінің (заттың, 

жиынтықтың) сақталуы мен дұрыс қолданылуын бақылауды қамтамасыз етуі 

тиіс.


Мемлекеттік мекеменің негізгі құралдарын есепке алу үшін мынадай шот-

тар/қосалқы шоттар арналған:

2310 «Жер»;

2320 «Ғимараттар»; 

2330 «Құрылыстар»;

2340 «Беріліс құрылғылары»;

2350 «Көлiк құралдары»;

2360 «Машиналар мен жабдықтар»;

2370 «Аспаптар, өндірістік жəне шаруашылық мүкəммалы»; 

2380 «Өзге негiзгi құралдар»;

2390 «Негiзгi құралдардың жинақталған амортизациясы мен құнсыздануы»;

2411 «Аяқталмаған құрылыс»;

5111 «Негізгі құралдарды қайта бағалауға арналған резерв».



222

Негізгі құралдардың объектісі алғаш танылған кезде өзіндік құны бойынша 

көрсетіледі, келесі есеп пен бағалануы нақты шығын немесе қайта бағаланған 

құн есеп моделі бойынша жүргізілуі мүмкін [10.1-сызба].



10.1-сызба



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет