Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Мемлекеттік мекемелердегі негізгі құралдардың сатылуын корреспонден-



Pdf көрінісі
бет204/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

10.2-кесте

Мемлекеттік мекемелердегі негізгі құралдардың сатылуын корреспонден-

циялары:



Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Бұрын бюджеттік 



қаржыландыру есебінен 

сатып алынған негізгі 

құралдарды сатқан 

жағдайда 



7420 «Ұзақ мерзімді 

активтерді қатардан 

шығару жөніндегі 

шығыстар» 



2391 «Негізгі 

құралдардың 

жинақталған 

амортизациясы» 

2

Шығындалған ұзақ 



мерзімді активтердің 

амортизациясын есептен 

шығару

2391 Негізгі 

құралдардың 

жинақталған 

амортизациясы



2320-2380 Негізгі 

құралдар


3

Жарамсыздығы келген 

ұзақ мерзімді активтердің 

амортизациясын есептен 

шығару  

2391 Негізгі 

құралдардың 

жинақталған 

амортизациясы



2320-2380 Негізгі 

құралдар


4

Тозығы жеткен ұзақ 

мерзімді активтерді есептен 

шығару  


2391 Негізгі 

құралдардың 

жинақталған 

амортизациясы 



2320-2380 Негізгі 

құралдар


5

Тозығы жеткен ұзақ 

мерзімді активтердің 

құнсыздану резервін 

есептен шығару 

2392 Негізгі 

құралдардың 

құнсыздануына резерв 

7440 Активтердің 

құнсыздануынан 

түсетін шығыстар



234

Егер  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  шешімімен  бұл  соманы 

қолданудың  өзге  тəртібі  белгіленбесе,  активтерді  сатудан  түсетін  соманы 

мемлекеттік мекемелер бюджет кірісіне аударады жəне есепте көрсетеді: 1231 

«Сатып  алушылар  мен  тапсырыс  берушілердің  қысқа  мерзімді  дебиторлық 

берешегі»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 3131 «Активтерді  сатудан  түсетін 

кіріс  бойынша  бюджет  алдындағы  қысқа  мерзімді  кредиторлық  берешек» 

қосалқы шотының кредиті.

Негізгі  құралдардың  жетіспеушілігін  анықтаған  кезде  жазбамен  оларды 

есептен шығару жүргізіледі:

 

– жетіспейтін 



негізгі 

құралдар 

бойынша 

күрделі 


салымдарды 

қаржыландырудың қалдығы есептен шығарылады: 5011 «Күрделі салымдар-

ды  бюджет  есебінен  қаржыландыру»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне  Шот-

тар  жоспарының 6020 «Күрделі  салымдарды  қаржыландырудан  алынатын 

кірістер»  шотының кредиті; 

 

– жетіспейтін негізгі құралдардың баланстық құны есептен шығарылады: 



7420 «Ұзақ  мерзімді  активтерді  қатардан  шығару  жөніндегі  шығыстар» 

шотының дебеті жəне 2300 «Негізгі құралдар» шоты тиісті қосалқы шоттары-

ның кредиті; 

 

– жинақталған  амортизация  есептен  шығарылады: 2391 «Негізгі 



құралдардың  жинақталған  амортизациясы»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 

Шоттар  жоспарының  «Негізгі  құралдар»  бөлімі  шотының  (жинақталған 

амортизацияның сомасына) тиісті қосалқы шотының кредиті.

Құнсызданудан бұрын есептелген резерв болған кезде, оның есептен шығуы 

шығып  қалған  ұзақ  мерзімді  активтер  бойынша  жүзеге  асырылады: 2392 

«Негізгі  құралдардың  құнсыздануына  арналған  резерв»  қосалқы  шотының 

дебеті жəне 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының 

кредиті.  Керісінше  қайта  бағаланған  негізгі  құрал  шығып  қалған  жағдайда 

пайдаланған  уақытта  қаржылық  нəтижеге  ауыстырылмаған  жете  бағалау  со-

масы қалдығын есептен шығару жүргізіледі: 5111 «Негізгі құралдарды қайта 

бағалауға  арналған  резерв»  қосалқы  шотының  дебеті  жəне 5210 «Есепті 

жылдың қаржылық нəтижесі» шотының кредиті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет