10.3. Негізгі құралдардың амортизациясы
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі
саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген бірдей
тозу нормасы бар негізгі құралдар объектілерінің элементтері амортизация-
лық есептеулерді анықтау үшін топталады.
Негізгі құралдардың амортизациясы ай сайын есептеледі.
Сатып алынған негізгі құралдардың амортизациясын есептеу айдан кейінгі
айдың 1-ші күнінен бастап жүргізіледі:
– монтаждауды жүзеге асыру талап етілмесе, сатып алулар;
– монтаждау қажет болса, қолданысқа енгізу.
Шығып қалған негізгі құралдардың амортизациясын есептеу негізгі құралдар
нысандарының шығып қалған айынан кейінгі айдың 1-нен тоқтатылады.
Амортизация төмендегі мынадай негізгі құралдардың нысандарына
есептелмейді:
– жерге;
– мəдени мұра активтеріне;
– жабдыққа, экспонаттарға, үлгілерге, əрекет етуші жəне əрекет етпейтін
модельдерге, макеттерге жəне кабинеттер мен зертханалардағы жəне оқыту
жəне ғылыми мақсаттар үшін пайдаланылатын басқа да көрнекі құралдарға;
– жұмысшы малға, буйволдарға, өгіздерге, ауылшаруашылық қызметке
байланысты емес, пайдалану жасына жетпеген көп жылдық екпелерге;
– жануарлар əлемінің экспонаттарына (зообақтар жəне басқа ұқсас
мемлекеттік мекемелерде);
– кітапханалық қорларға, киноқорға, сахналық-қойылым құралдарына,
мұражайлық жəне көркем құндылықтарға;
– қару-жарақ пен əскери техникаға;
– консервациялауға ауыстырылған активтерге.
Негізгі құралдың тұрып қалу немесе белсенді емес қолданылу жағдайы
болғанда немесе оны алып тастау үшін ұстап қалған жағдайда негізгі құралдар
нысанының амортизациясы толық амортизацияланғанға дейін тоқтатылмайды.
Əр кезеңге амортизациялық есептеулер, егер олар басқа активтің баланстық
құнына кірмесе, сол кезеңдердің шығыстарында танылады.
Негізгі құралдардың құнынан 100% асырып амортизация есептеу
жүргізілмейді. Əрі қарай қолдануға жарамды, негізгі құралдар нысаны
230
құнының 100% мөлшерінде жинақталған амортизация тозу себебіне байланыс-
ты есептен шығару үшін негіз болып табылмайды.
Амортизацияны есептеу əдісі мемлекеттік мекеменің активтің экономика-
лық пайдасы мен қызметтік əлеуетін тұтыну сызбасын көрсетеді.
Активтің амортизациялық құнын жүйелі бөлу үшін оның пайдалы қолда-
нылу мерзімі ішінде амортизацияны есептеудің түрлі əдістері қолданылады:
– тозуды есептеудің біркелкі əдісі;
– азаятын қалдық əдісі;
– өнім бірлігінің əдісі.
Тозуды біркелкі есептеу əдісі активті пайдалы қолдану мерзімінің ішінде
тұрақты аударымдарға əкеледі.
Азаятын қалдық əдісі активті пайдалы қолдану мерзімі ішінде
аударымдардың азаюына əкеледі.
Өнім бірлігінің əдісі күтілетін қолдануға немесе алған өнімнің санына
негізделген есептеулерге əкеледі.
Активті пайдалы қолдану мерзімі əрбір есепті күнге қарастырылады.
Пайдалы қолдану мерзімін анықтау кезінде барлық мынадай төмендегі
аспектілер ескеріледі:
– активті күтілетін пайдалану (күтілетін қуат, активтің физикалық
өнімділігі);
– өндірістік факторларға тəуелді күтілетін физикалық тозу жəне тоқтап
қалу кезеңінде активті жөндеу, оған қызмет көрсету жəне сақтау жөніндегі
бағдарлама;
– нысанын өзгерту немесе жаңғырту нəтижесінде туындайтын техникалық
немесе коммерциялық ескіру;
– активті пайдалануға заңды немесе осыған ұқсас шектеулер.
Активті пайдалы қолдану мерзімі активтің күтілетін пайдалылығын ескере
отырып анықталады. Пайдалы қолдану мерзімі активтің экономикалық қызметі
мерзімінен қысқа болуы мүмкін.
Негізгі құралдар нысанының тарату құны нөлге тең қабылданады.
Тозуды біркелкі есептеу əдісін қолдану кезінде негізгі құралдардың амор-
тизациясын есептеу мынадай тəсілдермен:
1) амортизацияның белгіленген нормаларын пайдалана отырып;
2) пайдалы қолданудың белгілі бір мерзімін пайдалана отырып жүргізіледі.
Негізгі құралдардың тозу нормалары негізгі құралдардың (активтердің)
құнын өтеудің нормативтік мерзімін көрсететін олардың қызметінің
экономикалық мерзіміне сүйене отырып белгіленді жəне «Мемлекеттік
мекемелердің негізгі құрал-жабдықтары (активтері) бойынша тозудың жылдық
нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3
қыркүйектегі №1308 қаулысымен бекітілді.
Амортизацияның белгіленген нормаларын пайдалана отырып негізгі
құралдар объектілерінің амортизация сомасы негізгі құралдардың алғашқы
231
құнын (қайта есептелгендер үшін – ағымдағы құнын) мемлекеттік мекемелер-
дің негізгі құралдары бойынша тозудың бекітілген жылдық нормаларына
сүйене отырып анықталған ай сайынғы амортизация нормасына көбейту жо-
лымен анықталады.
Мемлекеттік мекемелердің негізгі құралдары (активтері) бойынша жылдық
тозу нормаларында көзделмеген негізгі құралдар бойынша тозуды есеп-
теу осыған ұқсас негізгі құралдарға (активтерге) тозу нормалары бойынша
жүргізген жөн.
Негізгі құралдар объектілерін амортизациялау əдісі мен тəсілі бірыңғай
есеп саясатымен анықталады жəне кезеңнен кезеңге кезекті қолданылады.
Негізгі құралдар амортизациясын есептеу 7110 «Ұзақ мерзімді активтердің
амортизациясы бойынша шығыстар» шотының дебеті жəне 2391 «Негізгі
құралдардың жинақталған амортизациясы» шотының кредиті бойынша жүзеге
асырылады.
Егер негізгі құрал бір мезгілде амортизацияны есептей отырып бюд-
жет қаражатының есебінен сатып алынса, осы актив жататын топты амор-
тизациялау нормасы бойынша есептелген сомада күрделі салымдарды
қаржыландыруды тұтынудан кіріске ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға
күрделі салымдарды қаржыландыруды есептен шығару жүзеге асырылады.
Бұл ретте мынадай тізбек жүзеге асырылады: 5011 «Күрделі салымдарды бюд-
жет есебінен қаржыландыру» шотының дебеті мен 6020 «Күрделі салымдарды
қаржыландырудан алынатын кірістер» кредиті.
Мемлекеттік мекеме «Активтердің құнсыздануы» бөлімінің ережелеріне
сəйкес құнсыздану тұрғысынан активтің баланстық құнын қайта қарастырады.
Негізгі құралдардың құнсыздануы 7440 «Активтердің құнсыздануынан
түсетін шығыстар» шотының дебеті жəне 2392 «Негізгі құралдардың
құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының кредиті бойынша
көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеме негізгі құралдардың құнсыздануынан шығындарды
қалпына келтірген жағдайда мынадай тізбекті жүзеге асырады: құнсызданудан
бұрын есептелген шығын сомасының шегінде 2392 «Негізгі құралдардың
құнсыздануына арналған резерв» қосалқы шотының кредиті жəне 7440
«Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының дебеті.
Негізгі құралдар нысанының құрылысын аяқтау, толық жабдықтау мен
қайта жаңарту бойынша жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік мекеменің
шығындары олардың құнын өсіреді. Бұл ретте егер мемлекеттік мекеме-
ге болашақ экономикалық пайдалар алғашқы бағаланған нормалардан тыс
түссе, кейінгі күрделі салымдар нəтижесінде негізгі құралдар нысандарының
баланстық құнын өсіру жүргізіледі.
Болашақ экономикалық пайдаларды (күрделі салымдарды) арттыратын
шығындардың үлгілері:
– оның қуаттылығын қоса алғанда пайдалы қолданылу мерзімін ұзарту
үшін негізгі құралдар нысандарының модификациясына;
232
– өнім сапасын анағұрлым жақсартуға қол жеткізу үшін машиналардың
бөлшектерін жетілдіру;
– бұрын бағаланған шығындарды анағұрлым қысқартуға мүмкіндік беретін
жаңа өндірістік үрдістерді енгізу.
Мемлекеттік мекеме күрделі шығындарды 2411 «Аяқталмаған құрылыс»
қосалқы шотының дебеті жəне 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге
қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті бойынша көрсетеді.
Аяқталмаған құрылыс іс жүзіндегі шығындар бойынша өлшенеді.
Аяқталмаған жəне аяқталған, бірақ пайдалануға тапсырылмаған құрылыс
жəне қайта жөнделген нысандар бойынша шығындар келесі жылдың балансы-
на ауысады.
Аяқталған жəне пайдалануға берілген құрылыс нысандары қабылдау
актілері негізінде оларға кеткен шығындар толық сомада көрсетіліп, ұзақ
мерзімді активтерді есепке алу шотына жатқызылады, бұл ретте мынадай
жазба көрсетіледі: Шоттар жоспарының «Негізгі құралдар» бөлімі шотының
тиісті қосалқы шотының дебеті жəне 2411 «Аяқталмаған құрылыс» қосалқы
шотының кредиті.
Негізгі құралдар нысандарға нысанның техникалық жағдайын сақтау мен
қолдау мақсатында жүргізілетін қызмет көрсетуге, жөндеуге жəне негізгі
құралдарды қолданысқа беруге жұмсалатын шығындар алғашқы құнды
өсірмейді, ал олар туындау кезіндегі ағымдағы шығыстар ретінде танылады.
Кітаптарды жөндеуге жəне қайта жөндеуге, оның ішінде екінші рет түптеуге
жұмсалатын шығындар кітап құнын өсіруге жатқызылмайды жəне шығысқа
есептен шығарылады.
Жөндеуге жұмсалатын шығындарды есептен шығару мынадай жазбамен
көрсетіледі: 7090 «Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар» шотының дебеті
жəне 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шотының кредиті.
Егер негізгі құралдар нысандардың баланстық құнына объект бөлшегін
ауыстыру құны кірсе, онда ауыстырылған бөлшектің баланстық құны
ауыстырылған бөлшек жеке амортизацияланғанына қарамастан баланстан
есептен шығарылуы тиіс. Егер нысанның ауыстырылған бөлшегінің баланстық
құнын анықтау мүмкін болмаса, мемлекеттік мекеме ауыстыру құнын
ауыстырылған бөлшек құнының сатып алу немесе құру кезіндегі көрсеткіші
ретінде қолдана алады.
Негізгі құралдар нысандарының қалған құны немесе оны қолданудан неме-
се шығып қалуынан ешқандай болашақ экономикалық пайда немесе қызметтік
əлеует күтілмесе баланстан шығып қалу ретінде есептен шығарылады. Негізгі
құралдар нысандарының шығып қалуы түрлі тəсілдермен, (сату, қайтарусыз
тапсыру, тарату жолымен) өтуі мүмкін.
Негізгі құралдардың шығып қалуы Қазақстан Республикасы заңнамасы-
ның талаптарына сəйкес жүзеге асырылады.
233
Мемлекеттік мекеме қаржыландыру жоспары бойынша оларға бөлінген
қаражат есебінен сатып алынған, оған бекітілген активтерді өзінше сатуға
тиіс емес. Активтерді сату Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті
басқару саласындағы заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.
Бір бағынудан екіншіге активтерді беру белгіленген тəртіппен жүргізіледі:
– республикалық меншіктегі – өңіраралық мемлекеттік мүлік жəне
жекешелендіру департаменттерінің рұқсаты бойынша;
– коммуналдық меншіктегі – əкімшілік-аймақтық бірлігі əкімінің уəкілетті
жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органының тиісті
рұқсаты бойынша.
Құнсызданудан бұрын есептелген резерв болған кезде шығып қалған
ұзақ мерзімді активтер бойынша оның есептен шығуы жүзеге асырылады:
7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының кредиті
жəне 2392 «Негізгі құралдардың құнсыздануына арналған резерв» қосалқы
шотыныңдебеті [10.2-кесте].
Достарыңызбен бөлісу: |