289
13.2-кестенің жалғасы
Есепті кезеңнің аяғындағы
құнсыздануға арналған резерв
сальдосы
033
х
х
х
х
х
х
Баланстық құны бойынша есепті
кезеңнің басындағы сальдо
040
Баланстық құны бойынша есепті
кезеңнің аяғындағы сальдо
041
13.5. Материалдық емес активтердің құжаттық рəсімделуі
Материалдық емес активтер нысанын қабылдау-тапсыруды ресімдеу
үшін Нысандар альбомының МЕА-1 нысанды материалдық емес активтерді
қабылдау-тапсыру актісі қолданылады.
Актіде материалдық емес активтер түрінің дəл атауы, оның мемлекеттік ме-
кемеге тапсырылу күні, нысандардың сипаттамасы, оның бастапқы құны, тозу
нормасы жəне басқа қажетті деректер көрсетіледі.
Материалдық емес нысандардың қабылдануын ресімдеу кезінде акт
материалдық емес əрбір нысандарға бір данада жасалады. Бірнеше бір үлгідегі
материалдық емес нысандардың қабылдануын ресімдейтін жалпы акт жасауға
рұқсат беріледі. Акт ресімделген соң материалдық емес активтердің нысанда-
рын немесе оны пайдалану тəртібін сипаттайтын қосымша құжаттармен бірге
немесе мемлекеттік мекеменің осы нысанға мүліктік құқықтарын растайтын
басқа құжаттармен бірге бухгалтерлік қызметке тапсырылады, оған бас бухгал-
тер немесе ол уəкілеттік берген тұлға қол қояды жəне мемлекеттік мекеменің
басшысы қол қояды.
Материалдық емес активтерді бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне беру
кезінде акт беруші жəне қабылдаушы тараптар үшін екі данада жасалады.
Материалдық емес активтер қозғалысының талдама есебі мемлекеттік
мекемеге түскен барлық материалдық емес активтерді есепке алу үшін
қолданылатын Нысандар альбомының МЕА-6 нысанды материалдық емес
активтерді есепке алу түгендеу карточкасында жүргізіледі. Түгендеу карточка-
сын бухгалтерлік қызмет материалдық емес активтердің əр объектісіне ашады.
Түгендеу карточкасында материалдық емес активтің толық атауы, қабылдау
күні, тіркеу нөмірі, бастапқы құны, амортизация нормасы, құнсыздану сомасы
жəне есептен шығу себебі көрсетіледі.
Нысан мемлекеттік мекеменің материалдық емес активтер нысандарын алу
фактісін растайтын құжат «Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру
актісі», техникалық жəне басқа құжаттама негізінде бір данада толтырылады.
Нысандар альбомының МЕА-6 нысанды түгендеу карточкалары Нысан-
дар альбомының НҚ-10 нысанды мемлекеттік мекемелерде ұзақ мерзімді
290
активтерді есепке алу жөніндегі түгендеу карточкаларының тізімдемесінде
тіркеледі. Тізімдеме бір данада жүргізіледі. Ондағы жазбалар карточкаларды
ашу жылын көрсете отырып ұзақ мерзімді активтердің топтары бөлінісінде
жүргізіледі.
Əрбір топ үшін тиісті беттер саны беріледі. Нөмірлеу 1-нөмірден бастап
əрбір топ бойынша жүргізіледі. Орталықтандырылған бухгалтерияларда əрбір
қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекеме бойынша осы тəртіппен жүргізіледі.
Ұзақ мерзімді активтер шығып қалған жəне ауыстырған кезде тізімдеменің
«Ескерту» бағанында мемориалды ордердің күні (күні, айы, жылы)жəне нөмірі
көрсетіледі.
Түгендеу карточкалары бухгалтерлік қызмет картотекаларында сақталады,
онда олар өз ішінде материалдық жауапты тұлғалар бойынша бөле отырып
тиісті қосалқы шоттар мен топтар бойынша, ал орталықтандырылған бухгал-
терияларда – қосымша қызмет көрсетілетін мемлекеттік мекемелер бойынша
да орналастырылады.
«Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісі» материалдық
емес активтерді басқа мемлекеттік мекемеге тапсыру кезінде есептен шығуы
туралы белгі жасауға негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: