Берілген қысқа мерзімді аванстар шоттары есебі
№
Операцияның мазмұны
Дт
Кт
1
Материалдық
құндылықтар, жабдықтар,
құрылыс материалдар
жəне көрсеткен
қызметтері үшін
жеткізушілерге алдын ала
ақша аудару
1410 Берілген қысқа
мерзімді аванстар
1081 Жеке
қаржыландыру жоспары
бойынша міндеттемелер
қабылдауға
арналған жоспарлы
тағайындаулары
1042 Ақылы қызметтер
ҚБШ
2
Берілген қысқа мерзімді
аванстарға кредиторлық
берешекті азайту
3210
Жеткізушілерге
жəне мердігерлерге
қысқа мерзімді
кредиторлық
берешек
1410 Берілген қысқа
мерзімді аванстар
Есепті кезеңнің аяғына валюталарды айырбастаудың бағамы өзгерген кез-
де, шетел валютасында берілген аванстар бойынша бағамдық айырма сомасы-
на мынадай тізбектер жүзеге асырылады:
– оң бағамдық айырмада: 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» шоты-
ның дебеті жəне 6340 «Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» шотының
кредиті;
– теріс бағамдық айырмада: 7430 «Бағамдық айырма бойынша шығыстар»
шотының дебеті жəне 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар» шотының
кредиті.
Ақылы қызметтерден аванстардың түсімі 1042 «Ақылы қызметтер ҚБШ»
шотының дебеті жəне 3410 «Алынған қысқа мерзiмдi аванстар» шотының
кредиті бойынша көрсетіледі.
Бұрын алынған авансты есепке алу 3410 «Алынған қысқа мерзімді аванс-
тар» шотының дебеті жəне 1230 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің
қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарының қосалқы шоттарының
кредиті бойынша көрсетіледі [15.2-кесте].
Бұрын берілген аванстың пайдаланылмаған сомасын қайтару Шоттар
жоспарының «Ақша қаражаты жəне олардың баламалары» шотының тиісті
қосалқы шотының дебеті жəне 1410 «Берілген қысқа мерзімді аванстар»
шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
311
15.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |