15-ТАҚЫРЫП
ӨЗГЕ АКТИВТЕР МЕН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ЕСЕПКЕ АЛУ
ТƏРТІБІ
Жоспар
15.1 Мемлекеттік мекеменің өзге активтер мен міндеттемелерді есепке
алуын ұйымдастыру
15.2 Мемлекеттік мекеменің өзге активтер мен міндеттемелердің есебі
Осы тақырыпта мынадай ұғымдар қолданылады:
Есептеу əдісі, шартты міндеттеме, шартты актив.
15.1. Мемлекеттік мекеменің өзге активтер мен міндеттемелерді
есепке алуын ұйымдастыру
Болашақ кезеңдердің шығыстарына мынадай шығындар жатады: маусым-
ды салаларда өндіріске дайындық жұмыстары бойынша; жаңа өндірістерді,
цехтарды, агрегаттарды жəне кəсіпорындарды игеру бойынша (іске қосу
шығыстары), жерлерді қалпына келтіру бойынша; өндірісті ұйымдастырғанда
немесе кеңейткенде жұмысшыларды жаппай біржолғы жинау бойынша;
ғылыми əдебиетке, газеттерге, журналдарға жылдық жазылу сомасы; келесі
есеп кезеңі үшін төленген жалдау төлемі (аванспен); алдын ала төленіп қойған
сақтандыру төлемдерінің сомасы жəне басқа шығыстар. Есептеу қағидатына
сəйкес кірістер есепке алу жазбаларында көрсетіледі жəне кірістерді алуға бай-
ланысты ақша қаражатының немесе өзге активтердің түсу шамасына қарамай,
олар жататын сол кезеңдердің есептілігіне қосылады.
Мемлекеттік мекеменің өзге активтер мен міндеттемелерді есепке алуы
үшін мынадай шоттар арналған:
1410 «Берілген қысқа мерзiмдi аванстар»;
1420 «Алдағы кезеңдердің шығыстары»;
1430 «Өзге қысқа мерзiмдi активтер»;
«Өзге ұзақ мерзiмдi активтер»;
3410 «Алынған қысқа мерзiмдi аванстар»;
3420 «Өзге қысқа мерзiмдi міндеттемелері»;
4310 «Алдағы кезеңдердің кірістері»;
4320 «Өзге ұзақ мерзiмдi міндеттемелері».
Аванстық төлем ретінде өнім берушілермен жəне мердігерлермен, сатып
алушылармен жəне тапсырыс берушілермен есеп айырысуларды есепке алу
309
жеке əрбір мəміле бойынша емес (тауарларды түсіру, жіберу немесе қызметтер
көрсету), тараптармен келісілген мерзімде жəне мөлшерде мерзімді аудару жо-
лымен жүзеге асырылады. Осы шотта мемлекеттік тапсырысты орындағаны
үшін орындаушыларға екінші деңгейдегі банктердегі жəне Қазақстан Республи-
касы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарындағы орындаушының
шотына тапсырыс берушінің бюджеттік шотынан қаражаттарды аудару жолы-
мен жүзеге асырылатын аванстар ескеріледі.
Өнім беруші мен сатып алушы, мердігер мен тапсырыс беруші ай сайынғы
негізде іс жүзінде алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың немесе
көрсетілген қызметтердің негізінде өз есептерінің жағдайын нақтылайды жəне
шартта немесе келісімде келісілген тəртіппен қайта есептеу мен тиісті төлемді
жүргізеді [15.1-сызба].
15.1-сызба
Достарыңызбен бөлісу: |