Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Валюта бағамдары өзгерістерінің əсер етуі



Pdf көрінісі
бет345/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

Валюта бағамдары өзгерістерінің əсер етуі

ɒɟɬɟɥɞɿɤ ɜɚɥɸɬɚɞɚԑɵ 

ɨɩɟɪɚɰɢɹ 

ȻɚɫɬɚɩΙɵ ΙɚɛɵɥɞɚɭɞɚΕɵ ɲɟɬɟɥɞɿɤ ɜɚɥɸɬɚɞɚΕɵ 

ɨɩɟɪɚɰɢɹ 

Ɏɭɧɤɰɢɨɧɚɥɞɵ ɜɚɥɸɬɚ 

ɄɭɪɫɬɵΙ ɚɣɵɪɦɚɲɵɥɵΙ 

ȿɫɟɩɬɿɥɿɤɬɿ Ϋɬɤɿɡɭ ɤɟɡɿɧɞɟ ɜɚɥɸɬɚΕɚ Ιɚɣɬɚ 

ɟɫɟɩɬɟɭ 


370

Шетел  валютасындағы  операциялар  бухгалтерлік  есепте  алғаш 

көрсетілгенде шетел валютасындағы сомаға операцияны жасау күніндегі валю-

таларды айырбастаудың нарықтық бағамын қолдану жолымен қолданыстағы 

валютада көрсетіледі. Бір мезгілде бұл операцияларды есепке алу есеп айыры-

сулар мен төлемдер валютасында жүргізіледі. 



20.2  Валюта бағамдары есебі жəне бағалануы

Мемлекеттік мекеменің бюджеттік қаржыландыру есебінен шетел валюта-

сын сатып алуы мынадай корреспонденциялармен көрсетіледі:

 

– шетел валютасын сатып алуға ақша қаражаты аударылғанда: 1280 «Өзге 



қысқа  мерзімді  дебиторлық  берешектер»  шотының  дебеті  жəне  Шоттар 

жоспарының  «Ақша  қаражаты  жəне  олардың  баламалары»  бөлімінің    тиісті 

шотының кредиті;

 

– шетел валютасындағы шотқа шетел валютасы түскенде: 1050 «Шетелдік 



валютадағы шот» шотының дебеті жəне 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық 

берешектер» қосалқы шотының кредиті, бір мезгілде комиссиялық алымның 

сомасы  шығыстарға  жатқызылады: 7140 «Өзге  операциялық  шығыстар» 

шотының  дебеті  жəне 1280 «Өзге  қысқа  мерзімді  дебиторлық  берешектер» 

қосалқы шотының кредиті.

Шетел  валютасы  кассаға  түскен  кезде  мынадай  корреспонденция  жүзеге 

асырылады: 1010 «Кассадағы  ақша  қаражаты»  шотының  дебеті  жəне 1050 

«Шетелдік валютадағы шот» шотының кредиті.

Өнім  берушілермен  жəне  мердігерлермен  шетел  валютасында  есеп  айы-

рысу 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық 

берешек» шотының дебеті жəне 1050 «Шетелдік валютадағы шот» шотының 

кредиті бойынша жазбамен көрсетіледі.

Есептілікке  шетел  валютасында  ақша  қаражатын  беру  операция  жасау 

күніндегі бағам бойынша 1261 «Есеп беретін сомалар бойынша қызметкерлер-

дің  қысқа  мерзімді  дебиторлық  берешегі»  шотының  дебеті  жəне 1010 

«Кассадағы ақша қаражаты» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.

Əрбір есепті күнге мемлекеттік мекеме есепте мыналарды көрсетеді:

 

– түпкілікті бағамды (есепті күнге ағымдағы валюталық бағамды) пайда-



лана  отырып  қайта  есептелген    шетел  валютасындағы  ақшалай  (монетарлы) 

баптар;


 

– операция жасау күніне айырбастау бағамы бойынша шетел валютасын-

дағы ақшалай емес (монетарлы емес) баптар;

 

– əділ құнды анықтау мерзімінде əрекет еткен айырбастау бағамдары бо-



йынша қайта есептелген əділ құн бойынша бағаланған шетел валютасындағы 

ақшалай емес (монетарлы емес) баптар.

Мыналар  монетарлы  (ақшалай)  баптар  болып  табылады:  ақша  қаражаты, 



371

ақша  қаражаты  түрінде  төлеуге  жататын  зейнетақылар  мен  қызметкерлерге 

басқа сыйақылар, ақша қаражатымен өтеуге жататын резервтер.

Мыналар  монетарлы  емес  (ақшалай  емес)  баптар  болып  табылады:  та-

уарлар мен қызметтер үшін аванстық төлемдердің сомасы, материалдық емес 

активтер, қорлар, негізгі құралдар, сондай-ақ ақшалай емес (монетарлы емес) 

активті ұсыну жолымен реттеуге жататын резервтер/міндеттемелер.

Айырбастау  бағамының  өзгеруі  нəтижесінде  операцияны  жасау  күні  мен 

шетел валютасындағы операциялар бойынша монетарлы (ақшалай) баптарды 

өтеу күні арасында бағамдық айырма туындайды.

Ол  бойынша  операция  мен  есеп  айырысу  бір  есепті  кезең  ішінде  жүзеге 

асырылса, онда барлық бағамдық айырма сол есепті кезеңде танылады.

Операция бойынша есеп айырысу оны жасау кезеңінен кейінгі есеп кезеңін-

де жүргізілсе, əрбір аралық есеп кезеңінде, тіпті есеп айырысу кезеңіне дейін 

танылатын  бағамдық  айырма  осы  кезеңнің  ішінде  валюталық  бағамдардың 

өзгеруімен анықталады.

Бағамдық  айырманың  өзгеруі  есепте  мынадай  корреспонденциялар  мен 

көрсетіледі:

 

– активтердің шоттары бойынша: бағам көтерілген кезде: Шоттар жоспа-



ры активінің тиісті қосалқы шотының/шотының дебеті жəне 6340 «Бағамдық 

айырмадан түсетін кірістер» шотының кредиті; бағам төмендеген кезде: 7430 

«Бағамдық  айырма  бойынша  шығыстар»  шотының  дебеті,  Шоттар  жоспары 

активінің тиісті қосалқы шотының/шотының кредиті;

 

– міндеттемелер шоттары бойынша: бағам көтерілген кезде 7430 «Бағамдық 



айырма бойынша шығыстар» шотының дебеті, Шоттар жоспары міндеттемесі 

тиісті  қосалқы  шотының/шотының  кредиті;  бағам  төмендеген  кезде:  Шот-

тар  жоспары  міндеттемесі  тиісті  қосалқы  шотының/шотының  дебеті, 6340 

«Бағамдық айырмадан түсетін кірістер» шотының кредиті.

Шетелдік  қызметке  шетелдегі  дипломатиялық  жəне  оларға  теңестірілген 

өкілдіктер,  консулдық  жəне  өз  қызметін  Қазақстан  Республикасынан  тыс 

шоғырландырылған  қаржылық  есептілік  ұсынатын  органның  валютасынан 

ерекшеленетін валютада жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының басқа 

мемлекеттік мекемелері жатқызылады.  

Ақша  қаражатының  негізгі  бөлігі  генерацияланатын  жəне  жұмсалатын 

негізгі экономикалық ортаның валютасы шетелдік қызметті жүзеге асыратын 

мекемелер үшін қолданыстағы валюта болып табылады. Қолданыстағы валю-

таны анықтау кезінде мынадай факторларды:

 

– түсімдер берілетін;



 

– есептеулер жүргізілетін валютаны басшылыққа алу қажет. 

Мыналар қолданыстағы валютаны анықтау кезінде қосымша факторлар бо-

лып табылады: 

 

– қызметін  шоғырландырылған  қаржылық  есептілік  беретін  орган 



қызметінің  жалғасы  ретінде  немесе  елеулі  дербестік  дəрежесіне  ие  қызмет 

ретінде жүзеге асыру;




372

 

– шоғырландырылған  қаржылық  есептілік  беретін  органмен  жасалатын 



операциялар шетелдік қызметте елеулі немесе елеусіз үлесті құрай ма;

 

– шетелдік қызметтен түсетін ақша қаражатының ағыны



 

– шоғырландырылған қаржылық есептілік беретін органның ақша ағынына 

тікелей əсер ете ме.     

Есепті  кезеңдегі  нəтижелер  жəне  қаржылық  көрсеткіштер  мынадай 

рəсімдерді  пайдалана  отырып  қолданыстағы  валютадан  ұсыну  валютасына 

қайта есептеуге жатады: 

1)  қаржы  жағдайы  туралы  əрбір  берілген  есеп  бойынша  активтер  мен 

міндеттемелер  (яғни,  салыстырма  деректерін  қоса  алғанда)  қаржы  жағдайы 

туралы осы есептің күніне түпкілікті бағам бойынша қайта есептеуге жатады;

2)  қызметтің  қаржылық  нəтижелері  туралы  əрбір  есеп  бойынша  жалпы 

кірістер мен шығыстар (яғни, салыстырма деректерін қоса алғанда) операция-

ларды жүзеге асыру күніндегі бағам бойынша қайта есептеуге жатады; 

3)  барлық  туындаған  бағамдық  айырмалар  таза  активтердің/капиталдың 

жеке құрауышы ретінде тануға жатады. 

Іс жүзіндегі пікірлер бойынша кіріс пен шығыстардың баптарын қайта есеп-

теу үшін қызметтің қаржы нəтижелері туралы есептерде іс жүзіндегі бағамдық 

айырмаға тең бағам, мысалы, кезеңдегі орташа бағам пайдаланылады. Алайда 

егер  ауытқу  елеулі  болса,  орташа  бағамды  пайдалану  орынды  болып  табыл-

майды. 

Шетелдік қызметті жүзеге асыратын жағдайда мекеме қолданыстағы валю-

таны өзгерткен жағдайда, соңғысы қайта есептеу рəсімдерін қолдануы  тиіс, 

олар  ауысу  сəтінен  бастап  жаңа  қолданыстағы  валюталарға  перспективалық 

қолданылады. Басқаша айтқанда, барлық баптарды валюта ауысқан күнге бар 

бағам бойынша жаңа қолданыстағы валютаға қайта есептеуді жүргізу қажет. 

Шетелдік қызмет шығып қалған кезде осы шетелдік қызметке қатысты жеке 

құрауыш ретінде танылған бағамдық айырмалардың жиынтық сомасы шығып 

қалудан кіріс танылатын кезеңдегі шоғырландырылған қаржылық есептілікте 

танылуы тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет