Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест тапсырмалары
1. Қазақстан Республикасында қолданыстағы валюта жəне қаржылық
есептілікті ұсынудың валютасы болып …. табылады:
А) Доллар;
В) Теңге;
С) Рубль;
Д) Еуро;
Е) Динар.
2. Шетел валютасындағы шоттар бойынша операцияларды жасау мен
ресімдеудің тəртібі қандай заңнамаға сəйкес жүзеге асырылады?
А) Еңбек Кодексі;
В) Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы заңнамасына;
С) Салық Кодексі;
Д) Бухгалтерлік жəне қаржылық есептілік туралы заңнамаға;
Е) Бюджеттік Кодекс.
3. Шетел валютасын сатып алуға ақша қаражаты аударылғанда:
А) 1280 «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» шотының дебеті
жəне Шоттар жоспарының «Ақша қаражаты жəне олардың баламалары»
бөлімінің тиісті шотының кредиті;
В) 1050 «Шетелдік валютадағы шот» шотының дебеті жəне 1280 «Өзге
қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» қосалқы шотының кредиті;
С) 7140 «Өзге операциялық шығыстар» шотының дебеті жəне 1280 «Өзге
қысқа мерзімді дебиторлық берешектер» қосалқы шотының кредиті;
Д) 1010 «Кассадағы ақша қаражаты» шотының дебеті жəне 1050 «Шетелдік
валютадағы шот» шотының кредиті;
Е) 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық
берешек» шотының дебеті жəне 1050 «Шетелдік валютадағы шот» шотының
кредиті.
375
Достарыңызбен бөлісу: |