Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет382/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   481
Байланысты:
17-06-2014 Шарипов для дауир

23.4 Дисконттау қағидаттары

Дисконтталған құн 12 айлық өтеу мерзімі бар активтер мен міндеттемелерді 

есептік күннен кейін көрсету үшін қолданылады. Қысқа мерзімді кезеңде ақша 

құнының өзгеруі маңызды болып саналмайды.

Дисконттау  əдісінің  көмегімен  құнды  бағалау  қаржылық  жағдай  туралы 

есептің мынадай баптары үшін қолданылады:

 

– қаржы инвестициялары (мысалы, облигациялар);



 

– жалға алынған негізгі құралдар (қаржылық жалдау бөлігінде);

 

– ұйымдар  борыштық  бағалы  қағаздарды  эмиссиялау  жолымен  алған 



қарыздар   

 

– егер  шарт  талаптарымен  негізгі  соманы  қайтара  отырып,  пайыздарды 



төлеу  көзделген  ұзақ  мерзімді  қарыздар  жəне  ұзақ  мерзімді  қарыздар  (жəне 

облигациялық қарыздар) бойынша есептелген пайыздар.

Осы  активтер  мен  міндеттемелердің  өтеу  кезіндегі  (алдын  ала  анықтауға 

болатын)  атаулы  құны  олардың  балансқа  қабылдау  сəтіндегі  нақты  құнынан 

ерекше болады.  Пайда болатын айырма осы  активтер мен  міндеттемелердің 

құнына жəне тиісінше, өтеу кезіндегі емес, кезең бойы толық өтелгенше кіріске 

(шығысқа) енгізілуі тиіс. Осы рəсім  тиімді пайыздық ставканы пайдалана оты-

рып есептеу қағидатына толық сəйкес келеді. 

Пайыздың  тиімді  ставкасына  жоспарланған  ақша  ағындарын  алғаш 

танылған мөлшерге тең мөлшерге əкелетін дисконттау ставкасы жатқызылады.

Ақша  ағындарын  дисконттаудың  негізгі  формуласы  жекелеген  төлемнің 

ағымдық құнын анықтау формуласы болып табылады:



PV=FV/(1++ i)

n

,

PV – ағымдағы құн – қазіргі уақытта салынатын сома, яғни қолда бар не-



месе ағымдағы күнге инвестицияланған қаржы  немесе болашақта алынатын 

қаржы қаражатының ағымдағы құны.

FV – n жылдардан кейін инвестицияның болашақ құны – болашақта алы-

натын қаржы қаражаты немесе бүгінгі қаржы қаражатының болашақ шамасы. 

i  дисконт  ставкасы – ағымдағы  жəне  болашақ  құнды  есептеу  үшін 

қолданылатын пайыздық ставка. Дисконттау ставкасы салымдардың тиімділігін 

бағалау үшін қолданылады. Экономикалық тұрғыдан қарастырғанда дисконт-



403

тау ставкасы – бұл инвестор талап ететін салымдық капиталдың табыстылық 

нормасы. 

n  уақыт кезеңі – қаржы  құралдарының  ағымдағы  жəне болашақ құнын 

есептеу кезеңдерінің саны. 

1  ш.б.  түрлі  кезеңдердегі  жəне  түрлі  пайыздық  ставкалар  бойынша 

ағымдағы  құнын  анықтау  үшін  нысан  бойынша 589 беттегі  қосымшады  С-1 

кестесі қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет