Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет381/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   481
Ⱥɤɬɢɜɬɟɪɞɿԙ ԕԝɧɫɵɡɞɚɧɭɵ

Ȼɚɥɚɧɫɬɵԕ 

ԕԝɧɵ

Ԕɚɥɩɵɧɚ 

ɤɟɥɬɿɪɭ ԕԝɧɵ

Ԕɚɥɩɵɧɚ ɤɟɥɬɿɪɭ ԕԝɧɵ ɛɚɥɚɧɫɬɵԕ ԕԝɧɧɚɧ ɬԧɦɟɧ ɛɨɥԑɚɧ ɠɚԑɞɚɣɞɚ 

ԑɚɧɚ ɚɤɬɢɜɬɟɪɞɿԙ ԕԝɧɫɵɡɞɚɧɭɵ ɬɚɧɵɥɚɞɵ

Жылдық  түгендеу  өткізген  уақытта  түгендеу  комиссиясы  активтердің 

орналасқан  орны  бойынша  жəне  бұл  құндылықтар  сақталудағы  жауапты 

тұлғалар бойынша құнсыздануға тест өткізеді.

Тестіленетін құндылықтар мен нысандардың атаулары жəне олардың саны 

номенклатурасы  мен  есепте  қабылданған  өлшем  бірліктері  бойынша  жеке 

түгендеу Нысандар альбомының 401 нысанды жеке түгендеу тізімдемелерінде 

(біріктіру 

ведомостерінде) 

көрсетіледі. 

Тізімдемелер 

материалдық 

құндылықтардың орналасқан жері жəне олардың сақталуына жауапты тұлғалар 

бойынша жеке бір данада жасалады. Тізімдемелерге түгендеу комиссиясының 

төрағасы жəне барлық мүшелері қол қояды. Түгендеу комиссиясының жұмысы 

жүргізілген  тестілеудің  нəтижелері  көрсетілген  хаттамамен  рəсімделеді. 

Егер  активтің  құнсыздану  белгілері  анықталса,  онда  есепте  құнсыздану 

резервін  көрсету  фактісі  Нысандар  альбомының 433 нысанды  бухгалтерлік 

анықтамасымен ресімделеді.

Қандайда бір құнсыздану белгілері болғанға қарамастан, мемлекеттік ме-

кеме жыл сайын пайдалы қызмет ету мерзімі белгісіз материалды емес активті 

құнсыздану тұрғысынан оның баланстық құны мен өтелетін сомасын салысты-

ру жолымен тестілеуге міндетті.

Құнсыздануға арналған тестілерге активтердің құнсыздану мүмкіндіктерін 

көрсететін қандай да белгілерді анықтау жөніндегі рəсімдер жатқызылады.

Құнсыздануға  тестілер  өткізген  кезде,  кем  дегенде  мынадай  белгілерді 

назарға алған жөн:

1. Ақпараттың сыртқы көздері:

 

– активтің көрсететін қызметке қажеттілік пен сұраныстың азаюы немесе 



толық дерлік тоқтауы;

 

– мемлекеттік  мекеме  қызмет  ететін  технологиялық,  заңнамалық  не-




401

месе  саяси  ортада  кезең  ішінде  мемлекеттік  мекемеге  қолайсыз  əсер  ететін 

өзгерістердің  болуы  немесе  жақын  арада  елеулі    ұзақ  мерзімді  өзгерістердің 

күтілуі;


2. Ақпараттың ішкі көздері:

 

– активтің ескіруінің немесе физикалық зақымдануының дəлелдері бар;



 

– кезең ішінде активті пайдалану дəрежесінде немесе тəсілінде мемлекеттік 

мекемеге  теріс  əсер  ететін  өзгерістердің  болуы  немесе  жақын  арада  ұзақ 

мерзімді өзгерістердің күтілуі (соның ішінде: активтің тұрып қалуы,активтің 

қатысуымен жүзеге асырылатын жұмысты тоқтату немесе қайта құру жоспар-

лары немесе активті күтілген күнінен бұрын шығарып тастау жоспарлары);

 

– активтің  құрылуын  аяқтауға  дейін  немесе  пайдалануға  жарамды  күйге 



жекізуді тоқтату туралы шешім;

 

– актив  қызметінің  нашарлағандығын  немесе  күтілгеннен  де  көп 



нашарлағандығын көрсететін ішкі есептілік деректері бар.

Мемлекеттік  мекеме  жыл  соңында  алдыңғы  кезеңдерде  активтің 

құнсыздануынан  танылған  шығындардың  жоқтығын  немесе  кемігендігін 

көрсететін  қандай  да  болмасын  белгілерді  анықтап  отырады,  бұл  активтің 

құнсыздануынан  болған  шығындарды  қайтаруға  жəне  оның  баланстық 

құнының артуына алып келеді. Мұндай белгі бар болған жағдайда мемлекеттік 

мекеме  осы  актив  қызметінің  орнын  толтыру  құнын  бағалайды,  бұл  ретте 

мемлекеттік мекеме кем дегенде мынадай белгілерді ескереді:

1. сыртқы белгілер:

 

– актив қамтамасыз ететін қызметке сұраныстың немесе тұтынудың қайта 



жандануы;

 

– мемлекеттік  мекеме  қызмет  ететін  технологиялық,  заңнамалық  не-



месе  саяси  ортада  кезең  ішінде  мемлекеттік  мекемеге  қолайлы  əсер  ететін 

өзгерістердің болуы немесе жақын арада ұзақ мерзімді өзгерістердің күтілуі;

2. ішкі белгілер: 

 

– қарастырып отырған кезең ішінде активті пайдаланудың қазіргі немесе 



күтілетін  дəрежесі  мен  тəсілінде  мемлекеттік  мекемеге  қолайлы  əсер  ететін 

өзгерістердің болуы немесе жақын арада ұзақ мерзімді өзгерістердің күтілуі. 

Бұл  өзгерістер  қарастырып  отырған  кезең  барысында  активтің  қызметін 

жақсарту немесе күшейту үшін тартылған шығындарды немесе активке байла-

нысты операцияларды қайта құрылымдауды қамтиды;

 

– құрылуы бұрын тоқтатылған активті жандандыру жəне оны аяқтауға не-



месе пайдалануға жарамды күйге жеткізу туралы шешім;

 

– активтің  қызметі  күтілгеннен  де  едəуір  жақсы  екендігін  немесе  жақсы 



болатындығын көрсететін ішкі есептіліктің деректері бар. 

Құнсызданудан  болған  шығындарды  танығаннан  кейін  актив  бойынша 

амортизациялық аударымдар (тозу) алдыңғы кезеңдерде өзгерістер енгізіледі, 

бұл қалған пайдалы қолдану мерзімі ішінде активтің жою құнын (бар болса) 

шегере отырып қайта қаралған баланстық құнын жүйелі түрде бөлу үшін жа-

салады.



402

Негізгі  құралдар  нысандарының  құнсыздануына,  жойылуына  неме-

се  берілуіне  байланысты  үшінші  тұлғалардан  берілетін  өтемақы  қаржылық 

нəтиже құрамына енгізіледі, онда мұндай өтемақы алуға жатады.

Активтің  құнсыздануынан  болған  шығынды  қайтару  актив  қызметінің 

орны толтырылатын сомасының артуына дейін жүргізіледі, ол сома алдыңғы 

кезеңдерде  ешқандай  құнсыздану  шығындары  танылмаса  (тозуды  неме-

се  амортизацияны  шегере  отырып)  баланстық  құннан  артық  болмауы  тиіс. 

Құнсызданудан болған шығынды қайтару қаржылық қызмет нəтижелері тура-

лы есепте танылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет