Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қаржылық қызмет нəтижелері туралы есеп (2-нысан)



Pdf көрінісі
бет411/481
Дата20.02.2022
өлшемі8,06 Mb.
#25953
түріОқулық
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   481
Қаржылық қызмет нəтижелері туралы есеп (2-нысан)

Қаржылық  қызмет  нəтижелері  туралы  есеп  есепті  кезеңнің  кіріс  түрлері 

бойынша (айырбас емес жəне айырбас операциялардан, активтерді басқарудан 

түсетін кірістер мен басқа да кірістер), шығыс түрлері бойынша (мемлекеттік 

мекеменің шығыстары, бюджеттік төлемдер бойынша шығыстары, активтерді 

басқару  бойынша  шығыстары  мен  басқа  да  шығыстары)  жəне  қаржылық 

нəтижесі бойынша ақпаратты білдіреді.

Қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің 

шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп (3-нысан)

Қаржыландыру  көздері  бойынша  мемлекеттік  мекеменің  шоттарындағы 

ақша қозғалысы туралы есеп мынадай: операциялық, қаржылық, инвестиция-

лық  қызмет  түрлері  бойынша  ақшалай  қаражат  ағыны  туралы  ақпаратты 

білдіреді.

  Есеп  үш  бөлімнен  тұрады:  Операциялық  қызметтен  түскен  ақша 

қаражатының  қозғалысы,  Инвестициялық  қызметтен  түскен  ақша  қаражаты-

ның қозғалысы, Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы.

Операциялық  қызмет – мемлекеттік  мекеменің  инвестициялық  немесе 

қаржылық қызметіне жатқызылуы мүмкін емес қызмет.

Қаржылық  қызмет – оның  нəтижесінде  мемлекеттік  мекеменің  қарыз 

қаражатының мөлшері мен құрамында өзгерістер туындайтын қызмет;

Инвестициялық  қызмет – ақша  баламаларына  жатпайтын  ұзақ  мерзімді 

активтерді жəне басқа инвестицияларды сатып алу жəне сату.

Қаржыландыру  көздері  бойынша  мемлекеттік  мекеменің  шоттарындағы 

ақша қозғалысы туралы есепте 920 «Кезеңнің басындағы ақшалай қаражат», 

930 «Кезеңнің аяғындағы ақшалай қаражат» деген жолдар бойынша сомалар 

1072 «Ақшалай құжаттар» деген қосалқы шот бойынша сальдоны қамтымайды.

3-нысанның    «Өткен  кезең»  деген 4-бағаны 2014 жылдың 1 қаңтарынан   

бастап өткен жылдың осындай кезеңі үшін толтырылады.




425



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   407   408   409   410   411   412   413   414   ...   481




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет