Қаржылық құрал – бұл шарт негізінде бір мекемеде қаржы активі мен
екінші мекемеде қаржы міндеттемесі немесе үлестік құралдың пайда болуы.
Қаржы активі бұл кез келген төменденгі талаптарға жауап беретін актив:
– ақша қаражаттары;
– ақша қаражаттарын немесе басқа қаржы активін шарт негізіндегі талап
ету құқығы:
– анағұрлым əлеуетті қолайсыз болып табылатын жағдайда басқа
субъектімен қаржы құралдарымен алмасу туралы шарт негізіндегі құқық:
– басқа кəсіпорындардың үлестік құралдары.
Қаржы міндеттемесі – бұл:
– ақша қаражатын немесе кез келген басқа қаржы активін басқа субъектіге
төлеу туралы;
– анағұрлым əлеуетті қолайсыз болып табылатын жағдайда басқа
субъектімен қаржы құралдарымен алмасу туралы шартты міндеттеме болып
табылатын кез келген міндеттеме.
Үлестік құрал – бұл шарт негізінде мемлекеттік кəсіпорындардың таза та-
бысы бір бөлігінің аударымдары төлемді алу құқығы.
Тану – қаржы жағдайы туралы есепке немесе қаржылық қызметтің
қорытындысы туралы есепке қаржы есептілігінің бір бөлшегінің анықтамасына
келетін жəне мойындаудың төменде көрсетілген талаптарын қанағаттандыратын
бапты қосу үдерісі;
Достарыңызбен бөлісу: |