XII бөлім. Кірістер
400 «Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен
кірістер» қосалқы шотының сальдосы 5220 «Өткен жылдардың қаржылық
нəтижесі» шотының кредитіне көшіріледі. Кейіннен 400 «Тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен кірістер» қосалқы
шотының орнына 6110 «Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
өткізуден түскен кірістер» шоты пайдаланылатын болады.
410 «Табыстар мен шығындар» қосалқы шотының сальдосы 5220 «Өткен
жылдардың қаржылық нəтижесі» шотына көшіріледі. Кейіннен 410 «Табыстар
мен шығындар» қосалқы шотының орнына 5210 «Есепті жылдың қаржылық
нəтижесі», 5220 «Өткен жылдардың қаржылық нəтижесі» шоттары пайдала-
нылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |